"Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1716 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1435 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1716 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 278-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кодтары мынадай мазмұндағы 163-1 және 185-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «163 – 1 ҚР Қаржымині СК Маңғыстау облысы бойынша СД Ақтау қаласы бойынша СБ 4306;
      185 – 1 ҚР Қаржымині СК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша СД Петропавл қаласы бойынша СБ 4814».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов