Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган –лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 05.05.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 282-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 22-23, 200-құжат);

      3) "Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 29-құжат).

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
С. Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 1434 қаулысымен
бекітілген

Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 қаулысымен.

Р/с №

Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанының болуы

Жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

"Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорды пайдалана отырып тексеріледі

2.

Жарғылық капиталда аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлестің жүз пайызы болуы

3.

Құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудитор ретінде өз қызметін жүзеге асыратын кем дегенде екі аудитордың болуы

Осы аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторларға "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiктерiнiң және оның негiзiнде осы аудиторлық ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын құжаттардың көшiрмелерi

 
 
 

4.

Аудиторлық ұйым басшысында, сондай-ақ аудиторларда аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің болуы

"Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгiнiң, еңбек кiтапшасының, жеке еңбек шартының көшiрмелерi не басшыны қабылдау және шығару туралы бұйрықтардан үзiндi

 
 
 

5.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес аудиторлық ұйымның басшысына қатысты бұрын ол жетекшілік еткен аудиторлық ұйымның лицензиясынан айыру туралы мәліметтердің болмауы

 
 
 

Осы талап лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл бойы әрекет етеді және аудиторлық ұйымдар тізілімінің және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкiлеттi органның ақпараттық дерекқорының деректерін пайдалана отырып тексеріледі

Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті – аудиторлық ұйымды құрған кезде жоғарыда санамаланған біліктілік талаптарынан басқа, мынадай қосымша талап қойылады:

6.

Шетелдік ұйым аудиторлық деп танылуы тиіс

Резидентi болып табылатын елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн нотариалды куәландырылған аудармасы бар аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың түпнұсқасы не лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi

 
 
 

Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын, кәсiби аудиторлық ұйымының мүшелігі туралы құжат