Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың «ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылардың арасындағы туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың тиісті тәсілдеріне жасалған лицензиялық шарттарды тіркеу, мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру» деген бір жүз қырық төртінші абзацы алынып тасталсын;
2) «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 501-құжат):
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов