Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1390 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1390 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      алпыс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы алпыс тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау.».
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      бір жүз елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеуге қатысу;»;
      мынадай мазмұндағы бір жүз елу сегізінші, бір жүз елу тоғызыншы, бір жүз алпысыншы, бір жүз алпыс бірінші, бір жүз алпыс екінші, бір жүз алпыс үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын орындауын бақылау;
      мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылау;
      жеке сот орындаушыларының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын және өздерінің міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастыру;
      интегралды микросхема топологиясын пайдалануды мемлекеттік бақылау;
      аумақтық нотариалдық палаталар қызметін бақылау;
      нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылау.».
      3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;».
      4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туралы ережеде:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 51-1), 58-1), 227-1), 227-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «51-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау:
      Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы;
      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуы;
      дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың энергия тұтыну нормативтері мен электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерінің сақталуы;
      энергия аудитінің және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасының жүргізілуі, энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуы;
      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталу үшін жүзеге асырылады.»;
      «58-1) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»;
      «227-1) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
       227-2) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;».
      5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 31-1), 171-1), 172-1), 216-1), 217-1), 228-1), 228-2), 244-1), 245-1), 248-1), 254-1), 256-1), 259-1), 263-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31-1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді;»;
      «171-1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;»;
      «172-1) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылауды жүзеге асырады;»;
      «216-1) ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «217-1) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы мәніне жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;»;
      «228-1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      228-2 жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «244-1) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «245-1) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «248-1) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «254-1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «256-1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары негізінде қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «259-1) шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
      «263-1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;».
      6. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 51-1), 52-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «51-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және ішкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша рұқсаттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      «52-1) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      78), 79) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «78) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      «79) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен:
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестiгiне қорытындыны;
      мыналарға:
      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге;
      заңды тұлғаларға:
      жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге;
      атыс тирлерi (атыс орындары) мен стенділерiн ашуға және олардың жұмыс iстеуіне рұқсаттар беруді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 120-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «120-1) Қазақстан Республикасының көшiп кету мен көшiп келу саласындағы заңнамаларының сақталуы үшін ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастырады;».
      7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;».
      8. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      280) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «280) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;»;
      мынадай мазмұндағы 281) тармақшамен толықтырылсын:
      «281) «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегі талаптарын аудиторлық ұйымдардың орындауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және осы талаптарды бұзған аудиторлық ұйымдарға шара қолдану.».
      9. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ережеде:
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 63-1), 63-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «63-1) өз құзыреті шегінде магистральдық құбыр саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      63-2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;».