Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы (тізімі) мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық міндеттемелер түсініктері бойынша бақыланатын тауарлар
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Р/с |
Тауардың атауы |
Экспорт кезінде лицензиялануға тиіс тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
Импорт кезінде лицензиялануға тиіс тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
Лицензия алуға арналған өтініштерді келісетін ҚР-ның мемлекеттік органдары |
1. |
Қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндіруге арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен қызметтер |
8525* (тек әскери мақсаттағы), |
8525* (тек әскери мақсаттағы), |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
2. |
Экспорттық бақылауға жататын өнім, 0-санаты бойынша, тізімнің 1-9 санаттары бойынша тек ядролық жеткізушілер тобына) |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі |
||
3. |
Кен және урандық немесе торийлік концентраттар |
2612* |
2612* |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі |
4. |
Иондаушы сәулелену көздері, радиоактивті химиялық элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін немесе шығарылатын химиялық элементтер, табиғи және жасанды изотоптарды қоса) және олардың қосылыстары; ең төменгі мәнді белсенділіктен артық белсенділігі бар осы өнімдер бар қоспалар мен қалдықтар (ТМБ) |
2844* |
2844* |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі |
5. |
Тауарлық позициясы 2844 изотоптардан басқа изотоптар; органикалық емес немесе осы изотоптардың органикалық, химиялық құрамы анықталған немесе анықталмаған ең төменгі мәнді белсенділіктен артық белсенділігі бар қосылыстары (ТМБ) |
2845* |
2845* |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі |
6. |
Рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді пайдалануға негізделген ең төменгі мәнді белсенділіктен артық белсенділігі бар құрамында радиоактивті көздері бар аппаратура. Кемітілген уран түрінде қорғанысы бар радиоактивті көздерсіз аппаратура (ТМБ) |
9022* |
9022* |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі |
7. |
Рентген жабдығы, рентген түтікшелері және қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, басқа рентгендік сәулелену генераторлары |
8705 90 900 0* (тек рентгендік қондырғылары бар автомобильдер ғана), |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі |
|
8. |
Бөлшектердің жылдамдатқыштары |
8543 10 000 0* (сәулелену энергиясы 5 КэВ-тан астам жылдамдатқыштар үшін ғана) |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі |
|
9. |
Экспорттық бақылауға жататын өнім |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (тізімнің 1-санаты бойынша ғана), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (тізімнің 9-санаты бойынша ғана), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (тек Әскери тізім бойынша ғана) |
||
10. |
Оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жару құралдары және пиротехника |
3601 00 000 0* (аңшылық оқ-дәрісінен басқа), 3602 00 000 0, 3603 00, 3604 10 000 0 |
3601 00 000 0* (аңшылық оқ-дәрісінен басқа), 3602 00 000 0, 3603 00, 3604 10 000 0 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
11. |
Рентгендік жабдық, радиоактивті заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар және жабдықтар |
8705 90 900 0* (тек рентгендік қондырғылары бар автомобильдер ғана), |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Ескертпе:
* тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауларымен де айқындалады;
** әскери мақсаттағы тауарлардан басқа.
Кеден одағы ішінде де, үшінші елдерге де орын ауыстыру үшін экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар ресімделеді.»;
2) «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 300-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiштердің нысандары;
5) лицензия мен лицензияға қосымшаның нысандары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 3 және 4-қосымшаларына сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қазандағы
№ 1320 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – талаптар) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес:
Талаптар мыналардың болуын қамтиды:
сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;
егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;
Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек түпкі пайдаланушы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерін қамтитын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген түпкі пайдаланушы сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттаған кезде).
1) 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезінде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың ресми түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының ресми түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
оларды іс жүзінде пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) кепілдігінде тұратындығы;
МАГАТЭ ұсынғаннан төмен болмайтын деңгейлердегі физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігі;
осы талаптардың тек 1-тармағының 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткізушілер тобы (ЯЖТ) үшін ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиісті технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
МАГАТЭ кепілдігінде тұрмаған ядролық отын циклі саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;
осы талаптардың тек 1-тармағының 2) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
3) иондаушы сәуле шығару көздерінің және изотоптардың, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді (қосалқы бөлшектерді қоспағанда) пайдалануға негізделген аппаратураның импорты кезінде:
тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында рәсімделген тапсырыс-өтінімнің түпнұсқасы;
тауар шыққан елдің құзыретті органы берген тауардың шығу тегі сертификатының көшірмесі немесе тауарды алғаннан кейін ұсынылғаны туралы кепілдік хаты;
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (тек медициналық рентген жабдықтарына ғана);
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
4) жарылғыш материалдардың экспорты (импорты) кезінде (аңшылық оқ-дәрісінен басқа):
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшін) рұқсаттың (куәліктің) көшірмесін;
аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшірмесін;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшірмесін;
аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшірмесін;
жарылғыш материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда, аумақтық жол полиция органы рұқсат берген қауіпті жүктерді тасымалдауға көлік құралына берілген рұқсаттың, тасымалдауға арналған рұқсаттың және қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына арналған лицензияның көшірмелерін;
5) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезінде:
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшін) берген лицензияның көшірмесі;
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшірмесі;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың, куәліктің көшірмесін;
6) 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын өнімге техникалық ұсыныс (авангардтық жоба) немесе техникалық жоба;
Ескертпе:
Импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
2. Тауарлардың экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1) озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнімдердің экспорты (импорты) кезінде:
комиссияның шартының (келісімшартының) көшірмесі немесе тапсырмалар (егер тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет етсе);
сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертхана (орталық) хаттамасы;
сақтандыру полисінің көшірмесі;
рециклирленген озон қабатын бұзатын заттардың экспорты (импорты) жағдайында – көрсетілген фактіні, сондай-ақ оларды одан әрі регенерацияау ниетін растайтын құжат;
2) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің (улы химикаттардың) импорты кезінде:
пестицидтерді (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды куәландырған) өндіруге (формуляциялауға) және/немесе сатуға арналған лицензияның көшірмесі;
жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері мен жер учаскелерін химиялық өңдеуге қажетті пестицидтер санының есептеулері (егер өтінім беруші пестицидтерді сату үшін емес өзінің меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде қолдану үшін әкелген жағдайда);
пестицидті тіркеуші фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) немесе тіркеуші фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты (егер өтінім беруші пестицидтерді дистрибьютор-компаниядан әкелетін жағдайда);
3) қауіпті қалдықтардың экспорты (импорты) кезінде:
өндірістік базаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;
Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының келісімі;
егер тапсырыс беруші делдал болып әрекет етсе, экспорттаушы мен өндірушінің немесе импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы келісімшарттың (шарттың) көшірмесі;
тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі айтылған қалдықтарды жоюға жауапты экспорттаушы мен тұлғаның арасындағы келісімшарттың көшірмесі;
Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада);
Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжат;
әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктер туралы ақпарат;
Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдауды сақтандыруды растайтын құжаттың көшірмесі;
қалдықтарды қолдану бойынша қызмет түрін іске асыру үшін лицензияның көшірмесі;
4) минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдардың, қазып алынатын жануарлардың сүйектерінің экспорты (импорты) кезінде өтінім беруші тауарды өндіру және иеленудің заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
5) жануарлар немесе өсімдік текті тауарлардың экспорты кезінде өтінім беруші тауарды дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
балық және басқа да су жануарларының экспорты кезінде – аулану орны жөнінде анықтама, әкетілетін өнімді алғандығын растайтын құжаттар (сатып алу - сату шарты, түбіртек, жүкқұжат, төлем тапсырмасы).
6) Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерге жататын жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің, олардың бөліктері және (немесе) дериваттарының экспорты кезінде өтінім беруші жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
балық және басқа да су жануарларының экспорты кезінде – аулану орны жөнінде анықтама, әкетілетін өнімді алғандығын растайтын құжаттар (сатып алу - сату шарты, түбіртек, жүкқұжат, төлем тапсырмасы).
7) минералды шикізаттың экспорты кезінде өтінім беруші тауарды өндіру және иемденудің заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
8) улы заттардың, пестицидтердің (улы химикаттардың) экспорты (импорты) кезінде:
химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты;
сақтандыру полисінің көшірмесі;
сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы;
сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда, қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнім ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарт ұсынылады және тауарды кейіннен тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтаруды көздеу қажет;
келісімшарттарда (шарттарда) өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының, химиялық (уытты) заттар мен өнеркәсіп қалдықтарының импорты кезінде ақаулы тауарларды экспорттаушыға қайтару тәртібін көздеу қажет;
9) азаматтық мәндегі радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың, оның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарлардың импорты кезінде:
әкелінетін радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар (бұдан әрі – РЭҚ және ЖЖҚ) туралы деректер – атауы, типі, моделі, өндіруші мемлекет, техникалық сипаттамалары (радиожиіліктің белдіктері, жиілік торының қадамы, таратқыш қуаттылығы, радиодабыл модуляциясының типі немесе түрі);
РЭҚ құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдардың болуы (болмауы) туралы ақпарат;
әрбір РЭҚ және ЖЖҚ түрлері үшін Кеден одағына қатысушы мемлекеттер белгілеген үлгідегі сертификат берген органның мөр таңбасымен расталған сәйкестік сертификатының көшірмесі (сәйкестікті растау), егер мұндай құжаттың болуы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамаларында қарастырылған болса.
10) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын (импортталатын) тауардың ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесі немесе аумақтық бөлімшелері берген жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәніне техникалық зерттеу жөніндегі қорытынды;
11) шифровалды (криптографиялық) құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде:
ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті бөлімшесі немесе аумақтық бөлімшелерімен берілген экспортталатын (импортталатын) тауарды ақпаратты криптографиялық қорғауға жатқызу мәніне арналған техникалық зерттеу жөніндегі қорытынды;
12) мәдени құндылықтардың, ұлттық мұрағат қорларының құжаттары мен мұрағат құжаттарының түпнұсқаларының экспорты (импорты) кезінде:
әкелінетін мәдени құндылықтардың (мұрағат құжаттарының) тізімі (тізімдемесі) екі данада;
әрбір әкетілетін мәдени құндылықтардың барынша сипатты кескінді 10х15 см өлшеміндегі екі фотосуретін немесе әкетілетін мұрағат құжатының екі көшірмесі, ал қажет болған жағдайда – мәдени құндылықтың (мұрағат құжатының) өзін;
мәдени құндылыққа (мұрағат құжатына) меншік құқығын растайтын құжат;
13) адамның мүшелері және (немесе) тіндері, қаны және оның компоненттерінің экспорты (импорты) кезінде өтінім беруші адамның мүшелері және (немесе) тіндері, қаны және оның компоненттерін әкелу немесе әкету мүмкіндіктері туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсатын қосымша ұсынады.
14) азаматтық және қызметтік қару мен патрондардың экспорты (импорты) кезінде:
ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға (импорттау үшін) лицензияның көшірмелері;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау (егер қару Мемлекеттік кадастрға енгізілген жағдайда) бойынша жұмыстарды атқару үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;
қару мен пайдаланылатын патрондардың атауы мен моделінің белгісі (патрондардың үлгісі) туралы ақпаратты, негізгі техникалық көрсеткіштерін, қаруды дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);
алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге (экспортқа берілетін лицензияға арналған өтініш келісілген кезде) берген рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;
15) отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат экспорты кезінде өтінім беруші жер қойнауы жөніндегі ақпаратты алу заңдылығын куәландыратын құжаттар ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қазандағы
№ 1320 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың
тізбесі
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қазандағы
№ 1320 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру
туралы өтініш
1. Өтініш № |
2. Қолданылу кезеңі |
|
3. Лицензияның типі |
4. Келісім-шарт |
|
5. Өтініш беруші| |
6. Сатып алушы |
|
7. Тағайындалған елі| |
8. Сатып алушының елі| |
|
9. Келісімшарт валютасы| |
10. Құны |
11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі| |
13. Саны |
14. Өлшем бірлігі |
15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |
||
16. Қосымша ақпарат |
||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы |
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы
өтініш
1. Өтініш № |
2. Қолдану кезеңі |
|
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт |
|
5. Өтініш беруші |
6. Сатушы |
|
7. Жіберу елі |
8. Сатушының елі |
|
9. Келісім-шарт валютасы |
10. Құны |
11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі |
13. Саны |
14. Өлшем бірлігі |
15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |
||
16. Қосымша ақпарат |
||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы |
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензия беру туралы өтінішке қосымша
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
|||
жылғы № лицензияға қосымша |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Барлығы парақ парақ № |
18. Уәкілетті тұлға |
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия беру
туралы өтініш
1. ЛИЦЕНЗИЯ № |
|||
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны |
|||
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) |
7. Сатып алушы, оның мекенжайы |
||
4. Әзірлеуші, оның мекенжайы |
8. Сатып алушының елі |
||
5. Тағайындалған елі |
9. Қолданылу мерзімі |
||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаттамасы |
||
11. Төлем валютасы |
|||
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы |
13. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды |
15. Өлшем бірлігі КО СЭҚ ТН бойынша (негізгі немесе қосалқы) |
17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
16. Саны |
||
18. Лицензия сұрау үшін негіз |
20. Келісілді |
||
19. Өтініш берушіден |
21. ҚР мемлекеттік органы - Өтініш қарауға қабылданды 201__ ж. «___» __________ |
||
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
|||
23. Лицензияның ерекше шарттары |
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына лицензия беру
туралы өтініш
1. ЛИЦЕНЗИЯ № |
|||
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны |
|||
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) |
7. Сатушы, оның мекенжайы |
||
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы |
8. Сатушының елі |
||
5. Шыққан елі |
9. Қолданылу мерзімі |
||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаттамасы |
||
11. Төлем валютасы |
|||
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы |
13. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды |
15. Өлшем бірлігі КО СЭҚ ТН бойынша (негізгі немесе қосалқы) |
17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
16. Саны |
||
18. Лицензия сұрау үшін негіз |
20. Келісілді |
||
19. Өтініш берушіден |
21. ҚР мемлекеттік органы - Өтініш қарауға қабылданды 201__ ж. «___» __________ |
||
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
|||
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қазандағы
№ 1320 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
(нысан)
Тауардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
||
1. лицензия № |
2. Қолданылу кезеңі |
|
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт |
|
5. Өтініш беруші| |
6. Сатып алушы |
|
7. Тағайындалған елі| |
8. Сатып алушының елі| |
|
9. Келісімшарт валютасы| |
10. Құны |
11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі| |
13. Саны |
14. Өлшем бірлігі |
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |
||
16. Қосымша ақпарат |
||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға |
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
||
1. лицензия № |
2. Қолданылу кезеңі |
|
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт |
|
5. Өтініш беруші| |
6. Сатушы |
|
7. Жөнелту елі| |
8. Сатушының елі| |
|
9. Келісім-шарт валютасы| |
10. Құны |
11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі| |
13. Саны |
14. Өлшем бірлігі |
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |
||
16. Қосымша ақпарат |
||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға |
(нысан)
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензияға қосымша
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы |
|||
жылғы № лицензияға қосымша |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Р/с |
Тауардың сипаттамасы |
саны |
өлшем бірлігі |
құны |
|||
Барлығы парақ № парақ |
18. Уәкілетті тұлға |
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия
1. ЛИЦЕНЗИЯ № |
|||
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны |
|||
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) |
7. Сатып алушы, оның мекенжайы |
||
4. Әзірлеуші, оның мекенжайы |
8. Сатып алушының елі |
||
5. Баратын елі |
9. Қолданылу мерзімі |
||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаты |
||
11. Төлем валютасы |
|||
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы |
13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі/қосалқы) |
17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
16. Саны |
||
18. Лицензия сұрау үшін негіз |
20. Келісілді |
||
19. Өтініш берушіден |
21. ҚР мемлекеттік органы - Өтініш қарауға қабылданды 200__ ж. «___» __________ |
||
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
|||
23. Лицензияның ерекше шарттары |
(нысан)
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына лицензия
1. ЛИЦЕНЗИЯ № |
|||
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны |
|||
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны) |
7. Сатушы, оның мекенжайы |
||
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы |
8. Сатушының елі |
||
5. Шыққан елі |
9. Қолданылу мерзімі |
||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаты |
||
11. Төлем валютасы |
|||
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы |
13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі/қосалқы) |
17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
16. Саны |
||
18. Лицензия сұрау үшін негіз |
20. Келісілді |
||
19. Өтініш берушіден |
21. ҚР мемлекеттік органы - Өтініш қарауға қабылданды 201__ ж. «___» __________ |
||
22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
|||
23. Лицензияның ерекше шарттары |