"Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1317 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 43, 393-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      «Техникалық регламенттің күшіне ену мерзімдері және шарттары» деген 7-бөлімде:
      100-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген Техникалық регламентке 2-қосымшада:
      «Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің нормалары» деген кестеде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1. Аd күлділігі, %, артық емес

45,0

».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   С. Ахметов