Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттік кредиттер бойынша берешектің бір бөлігін өтеу есебіне ұсынылатын мүлікті Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке айналдыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 875 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) қаулыға 2-қосымшада:
3-бағанда:
реттік нөмірі 22-жолда «0,0955» деген сандар «0,0995» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 57-жолда «0,0191» деген сандар «0,0920» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 95-жолда «0,0911» деген сандар «0,0782» сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 421-жолдың 4-бағанындағы «70,2» деген сандар «70,7» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 444-жолдың 3-бағанындағы «0,088» деген сандар «0,0808» деген сандармен ауыстырылсын;
2) қаулыға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 67-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Бір пәтерлі 3 бөлмелі тұрғын үй, Бәйтерек ауылы, 60-поз.»;
реттік нөмірі 124-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«15-220-032-243».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов