Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 Қаулысы

Қолданыстағы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 77 және 80-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 12 қазанда  
№ 1301 қаулысымен   
бекітілген       

Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан
(қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен
жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидалары

      Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 77 және 80-баптарына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Біржолғы өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) алуға құқығы бар қызметкерге немесе адамдарға өтемақы төлеу:
      1) қызметкер арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет (бұдан әрі – қызмет) өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңiнде алған жаралану (контузия), ауру салдарынан ол қызметтен кеткеннен кейiн қаза тапқан (қайтыс болған);
      2) қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткеруге байланысты контузия, мертігуі, ауыруы салдарынан пайда болған мүгедектiк қызметтен кеткеннен кейiн бiр жыл өткенге дейiн белгіленген;
      3) қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған жеңіл немесе ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайларда жүргізіледі.
      2. Заңның 80-бабына сәйкес біржолғы өтемақы алуға құқылы қызметкерге немесе адамдарға егер оның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі:
      1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, егер өзiне-өзi қол жұмсау нәтижесінде;
      2) ол қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
      3) алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң болуды туындататын заттарды пайдалану немесе қолдану нәтижесінде;
      4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтiру нәтижесінде;
      5) қызметкердің қызмет өткеру туралы келісімшарттың талабын бұзған іс-әрекеті нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
      Заңның 77-бабына сәйкес біржолғы өтемақы алуға құқылы курсанттарға немесе адамдарға егер оның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі:
      1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, егер өзiне-өзi қол жұмсау нәтижесінде;
      2) ол қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
      3) алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң болуды туындататын заттарды пайдалану немесе қолдану нәтижесінде;
      4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсауҒлығына өзгедей зиян келтiру нәтижесінде;
      5) курсанттың қызмет өткеру туралы келісімшарттың талабын бұзған іс-әрекеті нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.

2. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      3. Қызметкер қызмет өткеру кезеңінде немесе ол қызмет өткеру кезеңінде жаралану, контузия, ауру салдарынан қызметтен кеткеннен кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, өтемақы алуға құқығы бар адамдардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлар аппараты соңғыларды мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы жазбаша түрде он жұмыс күні ішінде хабардар етеді:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеу үшін өтініш;
      2) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен берілген мұрагерлікке құқық беру туралы куәлік;
      4) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.
      4. Арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлар аппараты осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алған соң:
      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет өткеру кезеңін көрсете отырып, өтемақы алуға құқық беретін қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай үлеспен ұстау туралы анықтаманы, сондай-ақ қызметкерді мекеме (бөлімше) жеке құрамының тізімінен шығару туралы уәкілетті басшының бұйрығынан үзінді-көшірмені;
      2) қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) себептері мен жағдайларын қызметтік тексеру материалдарын;
      3) қызметтен кеткеннен кейін қайтыс болған адамдарға қатысты қызмет өткеру кезеңінде мертігуі (жаралануы, жарақаты, контузия) немесе ауруы қайтыс болуына себеп болғандығын растайтын әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысын (қаулысын) сұратады және жасайды.

3. Қызметкерге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      5. Қызметкерге қызметін өткеру кезеңінде алған мүгедектік белгіленген жағдайда:
      1) оларға қызмет орны бойынша мыналар ұсынылады:
      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      2) арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлар аппараты:
      қызмет өткеру кезеңінде алған контузия, мертігу, ауру салдарынан мүгедек болғандығын растайтын әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының (қаулысының) көшірмесін;
      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет өткеру кезеңін көрсете отырып, өтемақы алуға құқық беретін қызметкердің уақиға болған сәттегі ақшалай қаражаты мөлшері туралы анықтаманы жасайды.
      6. Қызметкерге қызмет өткеру кезеңінде алған контузия, мертігуі, ауруы салдарынан қызметтен кеткен күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiк белгіленген жағдайда арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлар аппараты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды жинайды, сондай-ақ қызметкерді мекеме (бөлімшелер) жеке құрамының тізімінен шығару туралы уәкілетті басшының бұйрығынан үзінді-көшірме жасайды.

4. Қызметкер мүгедектiкке әкеп соқтырмаған жеңіл мертіккен немесе ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      7. Қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған жеңіл мертіккен немесе ауыр мертiккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда:
      1) оларға қызмет орны бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш ұсынылады;
      2) арнаулы мемлекеттік орган мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлар аппараты:
      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет өткеру кезеңін көрсете отырып, өтемақы алуға құқық беретін қызметкердің уақиға болған сәттегі ақшалай үлеспен ұстау мөлшері туралы анықтаманы;
      осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мертігуінің (жаралануының, жарақатының, алған контузиясының) ауырлық (ауыр немесе жеңіл) дәрежесі туралы әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасын;
      қызмет міндеттерін орындау кезінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) фактісін растайтын материалдарды жасайды және жинайды.

5. Өтемақы төлеу тәртібі

      8. Өтініш берушінің қызмет орны бойынша арнаулы мемлекеттік орган мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлар аппараты өтемақы алушыдан өтінішті осы Қағидалардың 34567-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қоса алып, оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы мекеменің қаржы бөлімшесіне өтемақыны төлеу үшін жолдайды.
      9. Арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің қаржы бөлімшесі кадр бөлімшесі ұсынған материалдарға сәйкес он жұмыс күні ішінде заңнамада белгілеген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім жасайды және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын қарау және тиісті өзгерістер енгізу үшін арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің қаржы бөлімшесіне жолдайды.
      Арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің міндеттер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу рәсімін жүргізгеннен кейін мекеменің қаржы бөлімшесі алушыға өтемақы төлеуді жүргізіледі.
      10. Арнаулы мемлекеттік орган (мекеме) өтемақы төлеу үшін құжаттарды алған күннен бастап бір ай ішінде:
      1) қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңiнде алған жарақаты (контузиясы), ауру салдарынан қызметтен кеткеннен кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне қаза тапқан күнi соңғы атқарған қызметi бойынша алпыс айлық ақшалай үлеспен ұстау мөлшерiнде;
      2) қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызметін өткерумен байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан қызметтен кеткеннен кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiк белгіленген жағдайда:
      I топтағы мүгедекке – отыз айлық ақшалай үлеспен ұстау;
      II топтағы мүгедекке – он сегiз айлық ақшалай үлеспен ұстау;
      III топтағы мүгедекке – алты айлық ақшалай үлеспен ұстау мөлшерiнде;
      3) қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезiнде:
      мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оған бiр жарым айлық ақшалай үлеспен ұстау;
      жеңiл мертіккен жағдайда жарты айлық ақшалай үлеспен ұстау мөлшерiнде;
      4) арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты не ол қызмет өткеруі кезеңінде алған жарақаты (контузия алуы), ауыруы салдарынан қызметтен кеткеннен кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) арнаулы (әскери) оқу орнының курсантына арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру кезеңінде алған немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткерумен байланысты контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда қызметтен кеткен күнінен бастап бір жыл өткенге дейін мынадай:
      І топтағы мүгедекке – 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      II топтағы мүгедекке – 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      III топтағы мүгедекке – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, зақымдану, контузия) алған жағдайда:
      ауыр жарақат үшін – 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңіл жарақат үшін – 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеуді жүргізеді.
      11. Арнаулы мемлекеттік орган (мекеме) өтемақы төлеу үшін құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда жетпейтін құжаттарды сұрату үшін тиісті сұраулар жасайды.
      12. Заңда көзделген өтемақы төленбейтін жағдайларда арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) құрылымдық бөлімшесі өтініш берушілерге өтемақы төлеуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді хабарлама жолдайды.
      13. Өтемақы төлеу арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) есеп шотына түскен ақшаның көзделген лимитінің шегінде жүргізіледі.
      14. Өтемақыларды аудару қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың тұрғылықты мекенжайы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес есеп шоттарына немесе ағымды шоттарына жүзеге асырылады.
      Өтемақы төлеу және оларды аударғаны үшін банк көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      15. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу құжаттар түскен сәттен бастап бір ай ішінде тұрғылықты мекенжайы бойынша екінші деңгейдегі банкте ашылған алушының дербес есеп шотына аудару арқылы, ол туралы қорғаушылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне хабарлай отырып, жүргізіледі.
      16. Алушыға өтемақы аударылғаннан кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір жолғы өтемақы төлеу үшін түскен өтініштерді тіркеу журналында күнін, өтемақы сомасын және төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жасалады.

Арнаулы мемлекеттік органның    
қызметкері қаза тапқан (қайтыс   
болған), оған мүгедектік белгіленген
немесе мертіккен жағдайда берілетін
біржолғы өтемақыларды төлеу   
қағидаларына           
1-қосымша              

Кімге                             
__________________________________________
(біржолғы өтемақы төлеуді         
__________________________________________
жүзеге асыратын мемлекеттік органның
__________________________________________
басшысына) мекенжайы бойынша тұратын
__________________________________________
кімнен ___________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)   
тел. _____________________________________

Біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге
өтініш

Сізден
_____________________________________________________________________
            (болған оқиғаның сипаттамасы көрсетіледі)
байланысты маған өтемақы төлеуді сұраймын.
Бұрын ____________________________________________байланысты
(болған оқиғаның сипаттамасы көрсетіледі)
біржолғы ақшалай өтемақыны __________________________________________
                                      (алдым, алған жоқпын)
Тиесілі өтемақы төлемін аударуды сұраймын:
_____________________________________________________________________
             (облыс, аудан, қала, алушының тұратын мекенжайы)
Банк мекемесінің №___________________________________________________
Филиал №_____________________________________________________________
Дербес есеп шот немесе ағымды шот _____________________________ атына
                                           (Аты-жөні)
Алушының СТН ________________________________________________________
      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
      1. ______________________________________
      2. ______________________________________
      3. ______________________________________
      4. ______________________________________
      5. ______________________________________
      6. ______________________________________
      ______ ж. «___» ___________ Өтініш беруші ___________________
      (жылы)    (күні) (айы)                     қолы (аты-жөні)

       М.О. Бастық _____________________________
                           қолы    (аты-жөні)

Арнаулы мемлекеттік органның    
қызметкері қаза тапқан (қайтыс   
болған), оған мүгедектік белгіленген
немесе мертіккен жағдайда берілетін
біржолғы өтемақыларды төлеу   
қағидаларына           
2-қосымша              

Анықтама

_____________________________________________________________________
               (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
      (өтемақы төлемін алуына құқық беретін мекеменің атауы және оқиға болған күні
_____________________________________________________________________
                           атқарған лауазымы)
____ ж. «___» ____________ _____ ж. «___» _________ аралығында
        (күні)                      (күні)
нақты қызмет атқаратыны (атқарғаны) туралы берілді.
«___» __________ __ ж. ақшалай қаражаты______________________________
             (өтемақы төлемін алуына құқық беретін болған оқиға күні)
________________________________ құрайды,
соның ішінде:
лауазымдық жалақысы: ________________________________________________
арнаулы атағы бойынша алатын айлықақысы ______________________________
жұмыстан кету себебі (егер кетсе): __________________________________
_____________________________________________________________________
      Анықтама қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған), мертіккен жағдайда біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін берілген.

      М.О.

      Бастық _______________ _________________
                    қолы        (аты-жөні)

      Қаржы қызметінің
      бастығы (бухгалтер) ________________ ________________
                                қолы          (аты-жөні)

Арнаулы мемлекеттік органның    
қызметкері қаза тапқан (қайтыс   
болған), оған мүгедектік белгіленген
немесе мертіккен жағдайда берілетін
біржолғы өтемақыларды төлеу   
қағидаларына           
3-қосымша              

Анықтама

_____________________________________________________________________
              (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________қызметтік міндеттерін атқару кезінде
_____________________________________________________________________
                    (жарақат алу жағдайы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
(күні, айы, жылы) (ауыр немесе жеңіл жазбаша түрде көрсетіледі)
жараланды, контузия алды, жарақаттанды немесе мертікті_____________________________________________________________
      (қажеті жоқты сыз) (жарақат, контузия, зақым немесе
_____________________________________________________________________
мертігу сипаты және оқшаулауы көрсетіледі)
осыған байланысты 20__ жылғы «__» __________20__ жылғы «___» __________ аралығында ол ____________________________________________
_______________________________________________________ емделуде болды.      (әскери-емдеу мекемесінің атауы көрсетіледі)
      Анықтама қызметкер қайтыс болған жағдайда оған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін берілді.

      М.О. Әскери-дәрігерлік комиссияның
      төрағасы _______________ _________________
                     қолы          (аты-жөні)

Арнаулы мемлекеттік органның    
қызметкері қаза тапқан (қайтыс   
болған), оған мүгедектік белгіленген
немесе мертіккен жағдайда берілетін
біржолғы өтемақыларды төлеу   
қағидаларына           
4-қосымша             

Біржолғы өтемақы төлеу
өтініштерін тіркеу журналы

Р/с №

Арнау лы атағы

Қаза тапқан (қайтыс болған), мертіккен (жараланған, жарақат, контузия, алған), ауырған қызметкердің аты-жөні

Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкер мұрагерінің аты-жөні

Келіп түскен күні, кіріс №

Материал қайдан келіп түсті

Залалды өтеудің себебі (өлім, мүгедектік , ауыр немесе жеңіл жарақат)

Біржолғы өтемақы ның сомасы

Төлем құжаты ның ның № мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9