Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 және "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1289 Қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Есептен шығаруға жататын мүлiк техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсiн немесе куәлігін алғанға дейiн жойылмайды, бөлшектенбейдi немесе оқу құралы ретiнде пайдаланылмайды.
      Тіркелiмдерге, есепке алу кiтаптарына (карточкаларға) мүлiктi есептен шығару туралы жазу агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығын және есептен шығарылған мүлiктi бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк кiрiске алынғаннан немесе кәдеге жарату актісі жасалғаннан кейiн ғана бекітілген техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) негізiнде жүргізiледi.
      Техникалық жай-күйінің актiлері немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) бекітілген жөндеу және оқу-жаттығу мақсаттары үшін жарамсыз агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар мен бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк тіркелiмдер, есепке алу кiтаптары (карточкалары) бойынша металл сынығы, ескі зат және басқа да мүлiк ретінде кіріске алынады және ол пайдалану, сату немесе кәдеге жарату шамасына қарай есептен шығарылады.»;
      78-тармақтар алып тасталсын;
      11-тармақта:
      бірінші бөліктің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актілерінiң уақтылы жасалуына және мүлiктi бөлшектеудiң жүзеге асырылуына бақылау жүзеге асырылады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өлшеу құралдарының (оның iшiнде кiрiктiрілген) техникалық жай-күйi актілеріне олардың жарамсыздығы туралы метрологиялық органның (әскери бөлiмнің өлшеу техникасы базасының немесе зертханасының) куәлiктері қоса берiледi.»;
      16-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық жай-күйi актiсi және оған қоса берiлген құжаттар түскен күннен бастап екi апта мерзiмде әскери басқару және қамтамасыз ету органдарында оларды ресiмдеудiң дұрыстығы тексеріледi және қажет болған жағдайда мүліктi есептен шығарудың орындылығы, заңдылығы және бөлшектеу тәртібі туралы қорытынды беріледi, содан кейiн техникалық жай-күйi актісi белгiленген тәртiппен бекітуге ұсынылады. Бұл ретте техникалық жай-күйі актісiнiң барлық даналары мекеме мөрiнiң бедерлемесiмен бекiтіледi және куәландырылады, содан кейiн бірiншi данасы әскери бөлiмге қайтарылады, екiншiсi – оны бекiткен жоғары тұрған қамтамасыз ету органдарының iстерінде сақталады.»;
      1718-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсi онда көрсетiлген мүлiктi әскери бөлiмнің есебiнен шығару және есепке алу тiркелiмдерi, кiтаптары мен карточкалары бойынша бөлшектеуден алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығы мен басқа да мүлiктi кiрiске алуға сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiсiн (осы Ережеге 2-қосымша) жасауға негiз болады.
      18. Қару-жараққа, техника мен мүлiкке техникалық қызмет көрсетудiң және жөндеудiң регламенттік жұмыстарын жүргiзген, өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар кезiнде жұмсалған шығыс және пайдалану материалдары, зымыран отыны, жанармай, қосалқы бөлшектер және қосалқы құралдар мен керек-жарақтар (бұдан әрi – ҚҚЖ) бөлiмшелерден қолданыстағы нормаларға сәйкес есептен шығару актілері (нұсқама) бойынша, ал жөндеу бөлiмшелерiнен (шеберханалардан) орындалған жұмыстар актілері бойынша есептен шығарылады.
      Регламенттік жұмыстар, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде қару-жарақ пен техникадан алынған ақаулы агрегаттар, құралдар мен ҚҚЖ сапалық жай-күйiнiң өзгеруі актісі бойынша әскери бөлiмнің есебінен шығарылады.»;
      2223 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Ұшу аппараттарын пайдаланған кезде жұмсалған жанар-жағармай материалдарын, этил спиртi мен оның қоспаларын есептен шығару тарату ведомосын, ұшу парағын немесе жоспарлы кестеден үзіндіні қоса бере отырып, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару актілері бойынша, стационарлық және жылжымалы агрегаттарды (станцияларды) пайдаланған кезде – агрегаттардың жұмыс парақтары бойынша, радиорелейлiк (тропосфералық) станциялардың қуатты агрегаттарын және аппараттық жерүстi байланыс тораптарын пайдаланған кезде – электр агрегаттарының машиналық журналдарынан үзiндiлер бойынша, техниканы пайдаланған кезде – жол парақтары бойынша жүзеге асырылады.
      23. Әскери машиналардағы майларды есептен шығару қозғалтқышта іс жүзінде жанған, оны ауыстырған кезде қозғалтқышты майлау жүйесiнен (корабльдерде циркуляциялық май жүйесiнен) құйып алынған, қызмет көрсету кезеңдiлігі мен ауқымына сәйкес қозғалтқышты және күш берілiсi агрегаттарын, бөлшектер мен тораптарды майлау жүйесiн жуу үшiн пайдаланылған мөлшерінде жүргiзіледi. Майды шығысқа есептен шығару:
      1) пайдаланылатын жерүстi әскери техникасында – шығыс нормаларына сәйкес жол жүру парақтары бойынша;
      2) сақтауда тұрған машиналарда – шығыс нормалары шегiнде іс жүзінде пайдалану бойынша орындалған жұмыстар актілерi бойынша;
      3) корабльдерде және басқа да машиналар мен агрегаттарда және қозғалтқыштарда – машинаның (агрегаттың, қозғалтқыштың) жұмысын есепке алу карточкасы бойынша жүргiзiледi.
      Сақтауда тұрған машиналарды майлау жүйесiндегі май қолда бар ретiнде есепке алынады.
      24. Майлаулар мен арнайы сұйықтықтарды (этил спиртi мен қалыпты қататын салқындатқыш сұйықтықтан басқа), оның iшiнде тежегiш және улы техникалық сұйықтықтарды есептен шығару осы сұйықтықтарды пайдалануды бекiткеннен кейiн жүргiзілген жөндеу, регламенттiк жұмыстар және басқа да мұқтаждарға пайдалану актілері бойынша жүргізiледi. Этил спиртi мен оның қоспаларын есептен шығару регламенттiк жұмыстарға, жабдықтарды жөндеуге және басқа да мақсаттарға – шығыс нормалары шегiнде есептен шығару актілері бойынша жүргiзiледi.
      Этил спиртiн, сондай-ақ улы техникалық сұйықтықтарды шығысқа есептен шығару актілерiне белгiленген нормаларға сәйкес олардың болжамды шығысы есебi қоса берiледi.»;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесінде:
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының сатылатын мүлкі, оның ішінде кәдеге жарату өнімдері бағалау қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен бағалануға жатады.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың пайдалану мүмкін болмайтын барлық түрлері кәдеге жаратуға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «22-1. Қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың кәдеге жарату және сату мүмкін болмайтын барлық түрлері жоюға және/немесе көмуге жатады.
      22-2. Сатылмаған қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың, оның ішінде жоюға және/немесе көмуге жататын кәдеге жарату өнімдерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітеді.
      22-3. Қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жоюды және көмуді Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Пайдаланылмайтын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнаулы құралдардың тізбесінде кәдеге жарату үшін мыналар көрсетіледі:
      1) мүліктің түрі;
      2) шығарылған жылы;
      3) саны;
      4) жиынтықтаушы бұйымдардың болуы;
      5) бар болған жағдайда зиянды заттардың құрамы және мөлшерлік құрамы (қалдықтар паспорты);
      6) орналасқан жері немесе жинақталған жері;
      7) бар болса, ыдысы;
      8) техникалық құжаттамасының болуы.»;
      мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2 және 26-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «26-1. Бекітілген техникалық жай-күйi актiлері (куәлiктер) алынған мүлік бөлшектеуге жатады.
      Мүлiктi бөлшектеу пайдалануға жарамды агрегаттардың, тораптардың, аспаптардың, бөлшектер мен материалдардың барынша көп санын алу мақсатында қауiпсiздiк техникасының талаптарын және құпиялылық режимiн қатаң сақтай отырып, тиiстi мамандардан, есептен шығарылуға жататын мүлiктiң жай-күйi мен сақталуына жауап беретiн лауазымды адамдардан тұратын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен тиiстi қызметтер (материалдық-техникалық, қаржы және басқа да қамтамасыз ету түрлерi) бастықтарының бақылауымен жүргізiледi.
      Бекітілген техникалық жай-күйi актілері (куәлiктер) алынған қару-жарақ пен әскери техника, жауынгерлiк даярлық оқу материалдық-техникалық базасының жабдығы мен құралдары олардың агрегаттары бөлшектелмей, жөндеу әскери бөлiмдерiнде немесе тиiстi бөлiмшелерде бөлшектелуге жатады.
      Бөлшектеу кезiнде қару-жарақ пен әскери техникадан алынған және одан әрi пайдалануға жатпайтын агрегаттар белгiленген тәртiппен әскери бөлiмдердiң жөндеу базаларына жөнделуге берiледi.
      Жауынгерлiк зымырандар мен олардың элементтерi, зымырандар жабдықтарының жауынгерлiк жиынтықтары, егер оған мүлiктiң тиесiлiлігi бойынша әскери бөлiм қамтамасыз етілуде тұрған тиiстi басқару органының (бұдан әрi – қамтамасыз ету органы) арнайы нұсқаулары болмаса, бөлшектеуге жатпайды.
      26-2. Құпиялылық белгісi бар бұйымдарды (тораптарды, элементтердi) бөлшектеу оларды пайдалану тәртібін регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес жүргiзіледi.
      26-3. Бөлшектенген мүлiктің пайдалануға жарамды, оның iшiнде жөндеудi талап ететiн барлық агрегаттарын, тораптарын, аспаптарын, бөлшектерін, материалдарын әскери бөлiмдер оқу-жаттығу мақсаттарында (табельдер, белгiленген шығыс нормалары немесе лимит шегінде), сондай-ақ жөндеу, сүрту материалы ретінде және басқа да мұқтаждарға пайдаланады.
      Әскери бөлiмдер өз мұқтаждарына пайдаланбайтын жарамды және жөндеудi талап ететін агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар және басқа да мүлiк қамтамасыз ету органдарының нұсқауы бойынша әскери бөлiмдердiң басқа да базалары мен қоймаларына берiледi.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын пайдаланылмайтын объектілердің тізбелерін баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ұсынымдары негізінде қорғаныс объектілерін есепке алуды жүзеге асыратын уәкілетті орган жасайды және оны қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет уәкілетті органның басшысы бекітеді.
      Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде жасалады.»;
      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      «31-1. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) жөніндегі тендерді дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
      32-тармақ алып тасталсын;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Өтінім жалға берушіге келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 1289 қаулысына  
қосымша     

Әскери мүлiктi есепке алу
және есептен шығару  
ережесіне          
2-қосымша          

БЕКIТЕМIН
_________________________
(лауазымы, әскери атағы)
________________________
(қолы, тегі)
___ ж. «__»_____________

_________________________
мүліктiң атауы
сапалық жай-күйi өзгеруiнің
№________ АКТIСI

Жасалған күні

Операция коды

Құжаттың негізі (мақсаты)

Құжат нөмiрi

Қызметi

Әскери бөлiм (бөлiмше, қойма)







Құжаттармен танысу, қарау (тексеру) кезiнде мыналар анықталды:

Мүлiктiң атауы

Есептен шығарылсын

саны

өлшем бірлігі

санаты

баланстық құны

Тозу есептелді

2

3

4

5

6

7

















































кестенің жалғасы

Мүлiктiң атауы

Кіріске алынсын

саны

өлшем бірлігі

Мүкәммалдық нөмірі

Санаты (сорты, тығыздығы )

Бір бірлік үшін бағасы

сомас ы

сомасы

8

9

10

11

12

13

14





























      Комиссия қорытындысы (басқа санатқа ауыстыру себептерi, сорты, жекелеген тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектерді, басқа да мүлiктi пайдаланудың мақсатқа сәйкестігі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Комиссия төрағасы ___________________________________________________
            (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Комиссия мүшелерi ___________________________________________________
            (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Комиссия мүшелерi ___________________________________________________
            (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Үлкен бастықтың қорытындысы _________________________________________        М.О _________________________________________________________
                     лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі

                     20___ ж. «____»__________

      8-14-бағандарда көрсетілген бөлшектеуден алынған тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектер мен басқа да мүлiктi жауапты сақтауға қабылдадым
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

                      20___ ж. «____»__________

      Бухгалтерлiк есеп бойынша жүргізілдi:

Дебет

Кредит

Сома













      Бас бухгалтер ______________________
                        (қолы, тегі)

      20 ___ ж. «____»_________