Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Көмiрсутек шикiзаты кен орнын игерудi көздейтiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және Су басқан, дебитi аз, сарқылған, өте тұтқыр көмiрсутек шикiзаты кен орнын игеретiн жер қойнауын пайдаланушылар үшiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекiту туралы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 307-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі бекiтілсін.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Көмiрсутек шикiзаты кен орнын игерудi көздейтiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасында (бұдан әрі-Қағида):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасы және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі»;
1-бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу тәртібі және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу үшін осы бөлімнің 2-кіші бөлімінде айқындалған өлшемдерге сәйкес көмiрсутек шикiзаты кен орнын игеруді көздейтін қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлуге тиiс:»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдағы күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 30 қыркүйегінен ерте емес, бірақ ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтiнiшке осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттар қоса берiледі:»;
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағиданың 2-тармағында көзделген құжаттардың тізбесін толық ұсынылмаған немесе оларды осы Қағиданың талаптарын бұза отырып берілген жағдайда өтiнiш түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде уәкiлеттi орган өтiнiшті қараудан бас тартады.
Қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептердi сұрата алады.
5. Осы Қағиданың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде өтiнiштiң және оған қоса берiлген құжаттардың көшiрмелерiн төменде көрсетілген мемлекеттiк органдарға мынадай мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне – салық есептілігінің мәліметтерін растау үшін;
2) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiне – жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және/немесе жобалық шешiмдер мен мiндеттемелердi ескере отырып, көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң жоспарланып отырған көлемi мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар көлемiнiң негiздiлiгi мәселелерi бойынша;
3) өзге мемлекеттiк органдарға – олардың құзыретіне жататын және уәкiлеттi орган қойған мәселелер бойынша пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерi жөнінде негізделген шешімдер әзірлеу мақсатында қорытындылар дайындау үшін жібереді.
Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары уәкiлеттi органға одан өтiнiш және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесiн алған сәтінен бастап отыз күнтiзбелiк күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде берiлуге тиiс. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған мәліметтердің негiзiнде көрсетiлген мерзiмде келiсiмшарт бойынша рентабельдiлiктiң есебiн жүргiзедi және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерi бойынша ұсыныстар дайындайды.
6. Уәкілетті орган осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың барлық қорытындылары алынған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік органдардың қорытындыларын қоса тіркей отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсыныстар әзірлейтін ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына өтініш енгізеді.
Комиссия он жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш пен мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарауға және көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу немесе жатқызудан бас тарту, рентабельділігі төмен кен орны бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасының көлемі (көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы ұсыныс әзірленген жағдайда) туралы ұсыныс әзірлейді.
7. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы комиссияның ұсынысы әзiрленген жағдайда уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес белгiленетiн пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық ставкасын қоса беріп, осындай ставкалар қолданылатын күнтізбелік жылды көрсетіп, көмiрсутек шикiзатының кен орнын рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылғандар тiзбесiне қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.»;
9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкiлеттi орган комиссия әзiрлеген ұсыныстарды ескере отырып, көмiрсутек шикiзатының кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту себептерiн көрсете отырып, комиссия тиісті шешім қабылдағаннан кейін он жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткiзедi.
10. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартудың негіздемелері мыналар болып табылады:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемелердің тапсырылған есеп-қисабының, сондай-ақ таза табыстың, кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға сату рентабельділігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес келмеуі;
2) жер қойнауын пайдаланушының тиісті күнтізбелік жылға көмiрсутек шикiзатына рентабельділік деңгейін есептеуге пайдаланған негізсіз болжамды бағаны қолдануы;
3) кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға мәлімделген өндіру көлемдерінің жоспарланған өндіру көлемдеріне сәйкес келмеуі;
4) егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен салыстырғанда бір тонна көмірсутек шикізатына өндірістік шығындардың, сату шығындары мен жалпы әкімшілік шығындардың елеулі (10 %-дан жоғары) және (немесе) негізсіз ұлғайтылуы немесе өтініштің көрсетілген кезеңге арналған бюджет негізінде, енгізілетін түзетулерді есептей отырып, жыл бойындағы болжамдық деректерді негізге алып есептелген ағымдағы жылдың деректерімен алдағы күнтізбелік жылға берілуі;
5) өткен күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің іс жүзіндегі немесе жоспарланған деңгейінің 0 %-дан жоғары болуы.
Жер қойнауын пайдаланушыға көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартуға себеп болған себептер жойылған жағдайда, ол осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қайтадан өтініш жолдауға құқылы.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу өлшемдері»;
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Егер алдағы күнтiзбелiк жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельдiлiктiң жоспарланып отырған деңгейi жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта белгiленген тәртiппен дербес жүргiзген есептер бойынша 0 %-дан аз немесе оған тең болса, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылады.
Көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланып отырған рентабельдiлiк деңгейiнiң күнтiзбелiк жыл есебi тиiстi кезең бойынша көмiрсутек шикiзаты бағаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды мәліметтері мен уәкілеттi орган растаған өндiру көлемiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланып отырған рентабельдiлiк деңгей мынадай формула бойынша айқындалады:
ТТк (Зк)
СРк = -------– х 100,
ЖЖТк
мұнда:
СРк – көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша пайыздық көрсеткіштегі сату рентабельдiлiгi;
ТТк – осы тармаққа және жер қойнауын пайдаланушының жеке салық есебiн жүргiзу әдiстемесiне сәйкес есептелген және Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 310-бабының талаптарына сәйкес бекiтiлген және салық органына ұсынылған кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс (бұдан әрi – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесi);
Зк – 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін туындаған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 13-тарауына сәйкес есептелген, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша алынған және өтелмеген залал сомасы;
ЖЖТк – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жылдық жиынтық табыс.
Салық кезеңiнде көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыстың мөлшерiн жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша айқындайды:
ТТк = СТк – КТСк,
мұндағы:
КТСк – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтiк табыс салығы;
СТк – Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 133-бабында көзделген кiрiс пен шығыс сомасына азайтылған, жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс.
Салық салынатын табысты айқындау кезiнде қосымша салық мiндеттемелерiнiң есебінен шегерімдер сомасын не өсуi табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) тарифтерін көтеруге байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомаларын ұлғайтуды қоспағанда, салық кезеңiнде шегерiмдер сомасы алдыңғы салық кезеңiнiң шегерiмдер сомасынан аспауға тиiс. Ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылы көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң жоспарланып отырған көлемi алдыңғы жылдың деңгейiнен 10 %-дан аса ауытқыған жағдайда көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік деңгейді айқындау мақсаттары үшін шегерiмдер сомасы өндiру көлемiнiң өзгеруіне қарай түзетiлуі мүмкін.
12. Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкалары келісімшарт бойынша рентабельділік деңгейі 0 % деңгейге қол жеткізу мақсатында, мұнайдың бір баррелі үшін әлемдік баға шкаласы бойынша 1 АҚШ доллары өлшемімен белгіленеді.
Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың ең төменгі ставкасы тиісті салық кезеңінде қолданылатын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жалпы белгіленген ставкасының 5 %-ы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін белгіленетін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасы осы Қағидаға сәйкес тиісті салық кезеңінде қолданылатын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жалпы белгіленген ставкаларынан аспауға тиіс.
Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген жыл ішінде белгіленсе, онда күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық, өткен салық кезеңдерінде нақты қалыптасқан бағалар тұрғысынан алғанда, осы тарауға сәйкес белгіленген ставкалар бойынша қайта есептеледі.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 334-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын баға негізінде осы тармаққа сәйкес белгіленген ставкаларды дербес қолданады.
13. Салық төлеушi осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес белгіленген пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық ставкасын қолданған күнтiзбелiк жылдан кейiнгi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмейтін мерзімде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын қолдана отырып, нақты мәліметтердің негiзiнде өткен жылдың рентабельдiлiк көрсеткiштерiнiң есебiн жүргiзедi.
Егер кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша нақты рентабельділік деңгейі 0 % мәнінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салықтық міндеттемелерді мына формула бойынша есептелетін ставка бойынша қайта есептеуді жүргізеді:
мұнда:
СТк – кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша ПҚАС ставкасы, пайызбен;
ЖЖТк – кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген жылдық жиынтық табыс;
Шк – ПҚАС-ты есептемегенде, кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген шегерімдер;
СБк – кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген ПҚАС-тың салықтық базасы.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚАС ставкаларының мөлшері үтірден кейін үлкенге қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі және осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бастапқы мәндердің шеңберінен аспауға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы ПҚАС ставкасының алынған мәнін өткен күнтізбелік жылда төлеуге жататын ПҚАС сомасын есептеу үшін қолданады. Егер осы тармаққа сәйкес өткен күнтізбелік жыл ішінде есептелген ПҚАС сомасы осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес өткен күнтізбелік жыл ішінде есептелген ПҚАС сомасынан асып кетсе, тиісті артылған сома пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық сомасы өткен күнтізбелік жылдың 4-тоқсанының салықтық міндеттемелері болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер өзгерген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осындай өзгерістер салық есебінде көрсетілген сәттен бастап күнтізбелік 45 күннен аспайтын мерзімде салықтық міндеттемелерін осы тармаққа сәйкес қайта есептеуді және орындауды өздігінше жүргізеді.»;
2-бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу тәртібі»;
20-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі қабылданған күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық қосымша декларациялар беру жолымен Салық кодексінің 334-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын, өткен салық кезеңдерінде нақты қалыптасқан бағалар тұрғысынан Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған күнтізбелік жылдың бірінші салық кезеңінен бастап осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша қайта есептеледі.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Пайдалы қазбаларды өндіруге осы Қағиданың 20-тармағының екінші бөлігіне сәйкес салық ставкаларын қолданған салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіруге осы ставкалар қолданылған күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кеш емес мерзімде өткен жыл үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша нақты деректемелер негізінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын қолдана отырып, нақты рентабельділік есебін шығарады.
Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелетін нақты рентабельдік деңгейі 20 % мәннен асып кеткен, бірақ 25 % мәннен аспаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес салық ставкаларын Қазақстан Республикасының Салық кодексі тиісті жылға белгілеген ПҚАС-тың 5 %-ға өсірілген базалық ставкалары бойынша салықтық міндеттемелерін қайта есептеуді жүргізеді.
Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелген нақты рентабельділік деңгейі 25 % мәннен асып кеткен жағдайда жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салықтық міндеттемелерді мына формула бойынша есептелетін ставка бойынша қайта есептеуді жүргізеді:
ЖЖТб х (0,75-К) - Шб х (1-К)
СТб = -------------------------------- х 100,
СБб х (1-К)
мұнда:
СТб - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша ПҚАС ставкасы, пайызбен;
ЖЖТб - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген жылдық жиынтық табыс;
Шб - ПҚАС-ты қоспағанда, кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген шегерімдер;
СБб - кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген ПҚАС-тың салықтық базасы;
К - салық заңнамасымен тиісті салық кезеңіне белгіленген пайыздағы ставканы 100-ге бөлу арқылы ондық бөлшекке ауыстырылған корпоративтік табыс салығы ставкасының мәні.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚАС ставкаларының мөлшері үтірден кейін үлкенге қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі және осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бастапқы мәндердің шеңберінен аспауға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы ПҚАС ставкасының алынған мәнін күнтізбелік жылда төлеуге жататын ПҚАС сомасын есептеу үшін қолданады. Егер осы тармаққа сәйкес өткен күнтізбелік жылы есептелген ПҚАС сомасы өткен күнтізбелік жылы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ставка бойынша есептелген ПҚАС сомасынан асып кеткен жағдайда, тиісті артылған сома пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық өткен сомасы күнтізбелік жылдың 4-тоқсанының салықтық міндеттемелері болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер өзгерген жағдайда осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттемелерді салықтық есептеу жүргізіледі.»;
5) Қағидаға қосымшада:
«Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасына қосымша» деген сөздер «Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасына және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібіне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) өтініштің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініш»;
7) аталған қаулымен бекітілген Су басқан, дебиті аз, сарқылған, өте тұтқыр көмірсутек шикізаты кен орнын игеру үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларында:
оң жақ жоғары бұрышындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысымен бекітілген» деген сөздер «Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасына және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібіне 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Көмiрсутек шикiзаты кен орнын
(кен орындарының бiр тобын,
кен орнының бiр бөлiгiн)
рентабельділігі төмен, өте тұтқыр,
су басқан, дебитi аз және сарқылған
кен орындарының санатына жатқызу
қағидасына және пайдалы қазбаларды
өндiруге салынатын салық бөлігінде
салық салу тәртібіне
1-қосымша
Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен
орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр,
су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының
санатына жатқызу туралы өтініш
1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды не жеке тұлғаның) толық
атауы: ______________________________________________________________
2. Тұратын жері (пошталық мекенжайы):________________________________
3. Салық төлеушіні тіркеу нөмірі ____________________________________
4. Шеңберінде көмірсутек шикізатын өндіру жүзеге асырылатын және кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу тәртібін қолдану күтілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт:
4.1. Келісімшарттың толық атауы, келісімшарттың тараптары, келісімшарт жасалған күн: __________________________________________;
4.2. Құзыретті органда келісімшартты тіркеу күні мен нөмірі:
____________________________________________________________________;
4.3. Келісімшарттың (кен орнының, кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы: ______________________________________;
4.4. Кен орнының келісімшарттық аумағының (кен орнының, кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) орналасуы ____________________________________________________________________;
4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі _____________________________;
5. Өтініш беруге негіздеме (таңдаған жолдарға «Х» белгісі қойылсын):
рентабельділігі төмен
өте тұтқыр
су басқан
дебиті аз
сарқылған
6. Байланыстырушы тұлға (Т.А.Ә., лауазымы, телефоны):
___________________________________________________________________.
Қосымшалар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә., лауазымы _________________________________________
МО
Өтініш берілген күн: 20__ ж. «___» _______________
Көмiрсутек шикiзаты кен орнын
(кен орындарының бiр тобын,
кен орнының бiр бөлiгiн)
рентабельділігі төмен, өте тұтқыр,
су басқан, дебитi аз және сарқылған
кен орындарының санатына жатқызу
қағидасына және пайдалы қазбаларды
өндiруге салынатын салық бөлігінде
салық салу тәртібіне
2-қосымша
Су басқан, дебиті аз, сарқылған, өте тұтқыр көмірсутек шикізаты
кен орнын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы
қазбаларды өндiруге салынатын салық ставкалары
1. Өте тұтқыр кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с |
Жылдық өндіру көлемі |
Тұтқырлығы 200-ден 300 мПа*сек болғандағы ставкалар, %-бен |
Тұтқырлығы 300 мПа*сек және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
1,5 |
0,25 |
2. |
қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін |
2,1 |
0,35 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
3,0 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
5,4 |
0,9 |
2. Су басқан кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с |
Жылдық өндіру көлемі |
Су алғыштығы 90-нан 95 %-ке дейінгі ставкалар, %-бен |
Су алғыштығы 95 % және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
1,5 |
0,25 |
2. |
қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін |
2,1 |
0,35 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
3 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
5,4 |
0,9 |
3. Сарқылған кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с |
Жылдық өндіру көлемі |
Сарқылғыштығы 80-нен 95 %-ке дейінгі ставкалар, %-бен |
Сарқылғыштығы 95 % және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
1,5 |
0,25 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
3 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
5,4 |
0,9 |
4. Дебиті аз кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с |
Жылдық өндіру көлемі |
Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 2 т-дан 3 т-ға дейінгі ставкалар, %-бен |
Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 1 т-дан 2 т-ға дейінгі ставкалар, %-бен |
Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 1 т-дан аз болғандағы ставкалар, %-бен |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
2,5 |
1,5 |
0,25 |
2. |
қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін |
3,5 |
2,1 |
0,35 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
4 |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
5 |
3 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
5,5 |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
6 |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
6,5 |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
7,5 |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
9 |
5,4 |
0,9 |