Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1144 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні техникалық және кәсіптік білім саласында қызметті жүзеге асыру, оның ішінде белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификаттарын берумен кәсіптік білім кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейіне бағалау жүргізу және біліктілік беру деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекітуді;
      2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1144 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 470-184-2-жол алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-155-жолмен толықтырылсын:
      «21-155. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді
               дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік
               орталығы» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-12-жолмен толықтырылсын:
      «222-33-12. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім
                  беруді дамытудың және біліктілікті берудің
                  ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ».
      4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы  28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 77-2-жол алынып тасталсын;
      «Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:
      «12-1. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді
             дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік
             орталығы» АҚ».
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 122-жол алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-жолмен толықтырылсын:
      «35. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді
           дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік
           орталығы» акционерлік қоғамы 100%».