Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 73-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 қаулысымен бекiтiлген |
Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу үшiн ақшалай өтемақы (бұдан әрi – ақшалай өтемақы) төлеу тәртiбiн анықтайды.
2. Қызметкерлерге ақшалай өтемақы төлеу қызметке алынған күннен бастап төленіп, қызметтен босатылуына байланысты арнаулы мемлекеттік органның жеке құрам тізімінен алынған күнінен бастап тоқтатылады.
3. Ақшалай өтемақының мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес анықталады.
4. Ақшалай өтемақы төлеу туыстық қатынастары мен бiрге тұруына қарамастан (яғни күйеуiне, әйелiне, балаларына, егер олар арнаулы мемлекеттік органның қызметкері болып табылса) жүргiзiледi.
Ақшалай өтемақы арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне ағымдағы ай үшiн ақшалай үлес төлеумен бiр мезгiлде төленедi.
5. Мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мекемелеріне немесе халықаралық ұйымдарға iссапарға жiберiлген қызметкерлерге ақшалай өтемақыны олар iссапарға жiберiлгенге дейін штатында болған органдар төлейді.