"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1072 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      реттік нөмірлері 17 және 18-жолдардың 3-бағанындағы «және заңды» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 40-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспа басылымдарын есепке алу»;
      реттік нөмірі 41-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әділетминінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті»;
      реттік нөмірі 53-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғалар»;
      реттік нөмірі 60-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдерді, авиациялық отын мен мазуттың кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН-код) беру»;
      реттік нөмірі 61-жолдың 6-бағаны «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 63-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу»;
      6-баған «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      7-бағандағы «, қағаз» деген сөз алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 93-жолда:
      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғалар»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті»;
      реттік нөмірлері 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 126, 127, 184 және 185-жолдардың 6-бағаны «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 212-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрінде (тіркелген келісімшарт)»;
      реттік нөмірлері 215, 216 және 250-жолдардың 6-бағаны «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 220-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері»;
      реттік нөмірі 233-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тау-кен, химия өндірістерін жобалау (технологиялық және (немесе) пайдалану (барлау, пайдалы қазбаларды өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрінде (лицензия)»;
      реттік нөмірлері 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240 және 241-жолдардың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрінде (лицензия)»;
      реттік нөмірі 245-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрінде (тіркелген келісімшарт)»;
      реттік нөмірі 251-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көмірсутегі шикізатына және кең таралған пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат беру»;
      реттік нөмірі 276-жолдың 6-бағаны «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 323-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық есептілігін беруді тоқтата тұру (ұзарту, қалпына келтіру)»;
      реттік нөмірі 328-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрінде (хабарлама)»;
      реттік нөмірлері 335, 336 және 337-жолдарда:
      6-баған «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрінде»;
      реттік нөмірлері 338 және 339-жолдардың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрінде (лицензия)»;
      реттік нөмірі 339-жолда:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «СДШІА»;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «ХҚО, СДШІА»;
      реттік нөмірі 340-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрінде (рұқсат)»;
      реттік нөмірлері 341, 342 және 347-жолдардың 6-бағаны «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      реттік нөмірлері 341 және 342-жолдардың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрінде (лицензия)»;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлері 462-1, 462-2 және 462-3-жолдармен толықтырылсын:

«

462-1

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу

Жеке және заңды тұлғалар

Мәдениетмині

Мәдениетминінің Ақпарат және мұрағаттар комитетi

Мәдениетминінің Ақпарат және мұрағаттар комитетi

Электронды түрiнде (лицензия)

462-2

Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою

Жеке және заңды тұлғалар

Мәдениетмині

Мәдениетминінің Ақпарат және мұрағаттар комитетi

Мәдениетминінің Ақпарат және мұрағаттар комитетi

Қағаз түрiнде (куәлiк)

462-3

Қазақстан Республикасыныңаумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою

Жеке және заңды тұлғалар

Мәдениетмині

Мәдениетминінің Ақпарат және мұрағаттар комитетi

Мәдениетминінің Ақпарат және мұрағаттар комитетi

Қағаз түрiнде (куәлiк)

»;

      реттік нөмірлері 467, 468, 469, 470, 471, 472, 497, 498, 499, 500, 501, 518, 519, 520, 524, 533 және 534-жолдардың 6-бағаны «, ХҚО» деген аббревиатурамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәcімов