"Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 1063 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 681 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 151), 152), 153), 154), 155)тармақшалармен толықтырылсын:

      "151) Қызылорда Сол жағалау магистралды каналы құрылыстарымен;

      152) Ботабай суармалы суландыру каналы құрылыстарымен;

      153) Жаңадария каналы суландыру тракті құрылыстарымен;

      154) Қуандария каналы суландыру тракті құрылыстарымен;

      155) Шардара су қоймасынан машиналы су жеткізу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов