"Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1058 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1058 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 25 қаңтардағы
№ 90 қаулысымен    
бекітілген       

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы         министрі, төраға

Орынханов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Мұрат Қадесұлы             вице-министрі, төрағаның орынбасары

Ыбырайым                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрлан Мұхтарбекұлы        министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы,
                           хатшы

Жантикин                 - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы
Тимур Мифтахұлы            агенттігінің төрағасы

Өмірияев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Мүслім Тайырұлы            вице-министрі

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ербол Зинаддинұлы          министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
                           орынбасары

Кәрібжанова              - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Ғалия Тоқтарбекқызы        қорғау министрлігі Стратегиялық жоспарлау
                           және мониторинг департаментінің директоры

Мұқанов                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Талғат Асқарұлы            технологиялар министрлігі Жаңа
                           технологиялар және энергия үнемдеу
                           департаментінің директоры

Сағымбеков               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Талғат Тұрғанбекұлы        министрлігі Әскери білім және ғылым
                           департаментінің бастығы

Садықов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы          министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                           департаментінің директоры

Телеуов                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Мұрат Қойшыбайұлы          министрлігі Ғылым және адами ресурстар
                           департаментінің директоры

Бектұрғанов              - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы           холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                           төрағасы (келісім бойынша)

Мұқанов                  - «Ұлттық биотехнология орталығы»
Қасым Қасенұлы             республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас
                           директорының орынбасары (келісім бойынша)

Байсынов                 - «Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы»
Әсет Ыбырайымұлы           акционерлік қоғамы Департаментінің
                           директоры (келісім бойынша)