Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына қауiп төндiретiн жағдайды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 2012 жылғы егiннiң астығын қабылдау үшін Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының элеваторлық қуаттарын босату мақсатында көрсетілген облыстардың астық қабылдау кәсiпорындарынан басқа барынша бос астық қабылдау кәсiпорындарына «Азық-түлiк келiсiм шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, бюджет, меншiктi және тартылған кредит қаражаттары есебiнен сатып алған көлемі кемінде 500000 (бес жүз мың) тонна азық-түлiк астығының орнын ауыстыру (оның ішінде 2012 жылғы қаңтардан басталған) бойынша шығындарды өтеуге 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 2157395000 (екі миллиард бір жүз елу жеті миллион үш жүз тоқсан бес мың) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiнсiн.
      2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамы заңнамада белгiленген тәртiппен азық-түлiк астығының орны ауыстырылған көлемiн кейiннен iшкi нарықта және (немесе) экспортқа сату арқылы «Азық-түлiк келiсiм шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамымен Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының астық қабылдау кәсiпорындарынан басқа өңiрлердегi барынша бос астық қабылдау кәсiпорындарына азық-түлiк астығын орнын ауыстыруға байланысты шарттар жасасуды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов