Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
«Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген 2-бөлімде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Астана қаласы)»;
мынадай мазмұндағы 28 және 29-тармақтармен толықтырылсын:
«28. Жолаушылар көлігі басқармасы (Алматы қаласы);
29. Автомобиль жолдары басқармасы (Алматы қаласы)».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов