"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 14 тамыздағы № 1045 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрi 14-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 28-3-жолмен толықтырылсын:
«

28-3

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МҚІА (келісім бойынша)

Ақпан

Сәуір

Қараша

Ә.А.Көмекбаев

                                                                   ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов