Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1025 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет болып белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов