РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
«Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-жолмен толықтырылсын:
«18. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.».
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов