Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 925 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып анықталсын.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы сақтауға бағытталған іс-шараларды техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
      2) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
      3) отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған үдерістерді талдамалық қолдау;
      4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық–талдамалық жұмыс жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызмет болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 925 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірі 416-27-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті

416-27         «Талдау және ақпарат орталығы»          Астана қаласы
               шаруашылық жүргізу құқығындағы
               республикалық мемлекеттік кәсіпорны»                ».

      2. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 25-3-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті

25-3.          «Талдау және ақпарат орталығы»
               шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
               мемлекеттік кәсіпорны».

      3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
      «8-1. «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».