Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов