РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 818-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін табыс етіледі, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін)) (бар болса);»;
3) тармақша алынып тасталсын;
2) күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов