"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 887 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 11, 12-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 32-1 және 32-2-жолдармен толықтырылсын:

«

32-1

Жол қозғалысы туралы

ІІМ

Тамыз

Қазан

Желтоқсан

Қ.С. Тыныбеков



32-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

Тамыз

Қазан

Желтоқсан

Қ.С. Тыныбеков

                                                                   ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов