Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
мыналар:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Серік Нығметұлы Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, төраға
Есенбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәжит Төлеубекұлы министрлігі Кедендік бақылау
комитетінің төрағасы
енгізілсін;
мына:
«Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі,
төраға»,
«Рау - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович Индустрия және жаңа
технологиялар бірінші
вице-министрі, төрағаның
орынбасары»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және жаңа
технологиялар министрі,
төрағаның орынбасары»;
«Рау - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович Индустрия және жаңа
технологиялар бірінші
вице-министрі, хатшы»;
көрсетілген құрамнан Серік Нұртайұлы Баймағанбетов, Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов