Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 837 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген 4-бөлімде:
      «Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар» деген 4.5-кіші бөлімде:
      екінші бөліктегі «Инфракос-Экос» ЕМК» деген сөздер «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      «Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтiк-техникалық базасын құру» деген 6-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 6.10-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «ҰҒА, «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК»;
      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      «Инфракос-Экос» ЕМК» – «Инфракос-Экос» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорыны» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК» – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      2) «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 мамырдағы 2011 жылғы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының 2011 ж., № 38, ПҮАЖ-ы, 461-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 159-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «159. «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов