Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 541 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қаппаров - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Жамбылұлы қорғау министрi
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Бақытжан Әбдірұлы және сауда министрі
Шөкеев - «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша);
мына:
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің
Әсет Өрентайұлы орынбасары – Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
төрағаның орынбасары»
«Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрі»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы жаңа технологиялар министрі»;
«Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Асқар Қуанышұлы коммуникация министрi»;
көрсетілген құрамнан: Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім, Берік Сайлауұлы Камалиев, Қайрат Нематұлы Келімбетов, Тимур Асқарұлы Құлыбаев шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:
1) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
2) салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды және әзірлеуге ұсынылатын нысаналы технологиялық бағдарламалар тізбесін бекіту және өзектілендіру, сондай-ақ оларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру;
3) инновациялық қызметті ынталандыру;
4) инновациялық-технологиялық даму бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
5) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.»;
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
8-тармақтағы «индустрия және инновациялар саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы атынан орынбасары бар» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов