Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.12.2016 № 796 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның!
Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 830 қаулысы
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі
1. Мыналарды:
1) ғылыми болжауды (өз әдіснамасы мен техникасы бар арнайы теориялық зерттеулер);
2) іргелі және іздестіру зерттеулерін талдауды қамтитын ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысының техникалық тапсырмасын әзірлеу.
2. Мыналарды:
1) ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеуді;
2) патенттік зерттеулер жүргізуді;
3) ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысын жүргізуге техникалық тапсырмада қойылған міндеттерді шешудің ықтимал бағыттарын айқындауды және салыстырмалы бағалауды;
4) қабылданған зерттеу бағытын және міндеттерді шешу тәсілдерін таңдауды және негіздеуді;
5) жаңа өнімнің және (немесе) технологияның бағдарлы экономикалық тиімділігін бағалауды;
6) зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістемесін әзірлеуді (жұмыстардың бағдарламалары, жоспар-кестелер және т.б.);
7) инновациялық технологиялар бойынша базалық және егжей-тегжейлі инжинирингті қамтитын зерттеудің бағытын таңдау.
3. Мыналарды:
1) жұмыс гипотезаларын әзірлеуді, зерттеулер объектілерінің моделін құрастыруды, жорамалдарды негіздеуді;
2) теориялық зерттеулердің жекелеген ережелерін растау немесе есептеулерді жүргізуге қажетті өлшемдердің нақты мәндерін алу үшін тәжірибелер жүргізуді;
3) тәжірибелік зерттеулер әдістемесін әзірлеуді, модельдерді (макеттерді, тәжірибелік үлгілерді, пилоттық желілерді, тәжірибелік өндірістерді және т.б.), сондай-ақ сынақ жабдығын дайындауды;
4) бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді;
5) тәжірибелер жүргізуді, алынған деректерді өңдеуді, тәжірибелердің нәтижелерін теориялық зерттеулермен салыстыруды;
6) объектінің теориялық модельдерін түзетуді;
7) техникалық-экономикалық зерттеулерді жүргізуді қамтитын теориялық және эксперименталдық зерттеулер.
4. Мыналарды:
1) жұмыстардың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелерін қорытуды;
2) одан әрі зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, пилоттық желілерді жасау бойынша ғылыми-негіздемелік ұсынымдар әзірлеуді;
3) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырма жобасын әзірлеуді қамтитын зерттеулердің нәтижелерін қорыту және бағалау бойынша жұмыстар.
5. Мыналарды:
техникалық тапсырмада көрсетілмей қалуы мүмкін бұйымға, оның техникалық сипаттамаларына және сапа көрсеткіштеріне қойылатын қосымша немесе нақтыланған талаптарды анықтауды, соның ішінде:
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пысықтауды;
болжамдау нәтижелерін пысықтауды;
алдын ала есептеулер және техникалық тапсырма талаптарын нақтылауды қамтитын техникалық ұсынысты әзірлеу.
6. Мыналарды:
қағидатты техникалық шешімдерді әзірлеуді, соның ішінде:
техникалық ұсыныс кезеңі бойынша жұмыстарды орындауды;
әзірлеудің құрамдас базасын таңдауды;
негізгі техникалық шешімдерді таңдауды;
бұйымның құрылымдық және функционалдық схемаларын әзірлеуді;
негізгі сындарлы элементтерді таңдауды;
жобаның метрологиялық сараптамасын;
макеттерді, пилоттық желілерді әзірлеуді және сынауды қамтитын эскизді жобалау.
7. Мыналарды:
бұйым, технология бойынша жалпы және оның құрамдас бөліктері бойынша техникалық шешімдерді түпкілікті таңдауды, оның ішінде:
қағидатты электрлік, кинематикалық, гидравликалық және басқа схемаларды әзірлеуді;
бұйымның, технологияның негізгі өлшемдерін нақтылауды;
бұйымды, технологияны сындарлы құрастыру және оны объектіге орналастыру үшін мәліметтерді беруді;
бұйымды өндіру және жеткізу үшін техникалық шарттардың жобаларын әзірлеуді;
өндірістің жаңа технологияларын (пилоттық қондырғылар немесе желілер) пысықтау үшін жартылай өндірістік масштабтағы (коммерциялық емес қолданыстағы) жабдықтар мен технологиялық тізбелерді әзірлеу, дайындау және енгізу бойынша жұмыстарды;
табиғи жағдайларда бұйымның негізгі құралдарының макеттерін сынауды қамтитын техникалық жобалау.
8. Мыналарды:
1) конструкторлық құжаттардың топтамасын қалыптастыруды;
2) жұмыс құжаттамасының толық топтамасын әзірлеуді;
3) бірыңғайлығына және стандарттауға конструкторлық құжаттамаларын тексеруді;
4) сынақ үлгілерін тәжірибелік өндірісте дайындауды;
5) сынақ үлгілерін жөнге келтіру және кешендік реттеуді қамтитын сынақ үлгілерін дайындау және сынау, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті құру үшін жұмыс құжаттамасын әзірлеу.
9. Мыналарды:
1) сынақ үлгілерінің техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін және мемлекеттік (ведомстволық) сынақтарға ұсыну мүмкіндігін тексеруді;
2) стендтік сынауды;
3) объектіде алдын ала сынауды;
4) сенімділігін сынауды қамтитын алдын ала сынау.
10. Нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу.
11. Зерттеулер мен жобалық жұмыстардың нәтижелерін енгізу (коммерциялау) үрдістерін сүйемелдеу.