Әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға санаторий-курорттық емделу ұсынылатын аурулар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 826 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 198 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға санаторий-курорттық емделу ұсынылатын аурулар тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 маусымдағы
№ 826 қаулысымен
бекітілген

Әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек
сіңірген адамдарға санаторий-курорттық емделу ұсынылатын
аурулар тізбесі

Аурудың атауы, нысаны, сатысы және ұсынылатын санаторийлер

1. Жүрек бұлшықеттері мен жүрек қақпақшаларының аурулары

1. Үдерістің белсенділік белгілерінсіз стационардан шыққаннан кейін 6-8 айдан соң І функционалдық сыныптан жоғары емес (бұдан әрі – ФС) жүрек ырғағының болжанбаған жағымсыз бұзылыстарынсыз (Лаун бойынша 1-2 градациялы экстрасистолияның, синустық аритмияның, І дәрежеден атриовентикулярлық блокаданың болуына жол беріледі) созылмалы жүрек әлсіздігі кезінде (бұдан әрі – СЖӘ) жүрек қақпақшасының кемістігі аясында немесе онсыз болған бастапқы немесе қайталанған ревматикалық эндомиокардиттен кейінгі жай-күй (жергілікті).

2. Жүрек кемістіктері:

1) жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің болжанбаған жағымсыз бұзылыстарынсыз (экстрасистолия – ырғақтың топтық, политоптық, жиі, пароксизмалды бұзылыстары, І дәрежелі жоғары атриовентрикулярлық блокада, Гис будасы тармақшаларының толық блокадасы) қалпына келтірілген жай-күй немесе І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде жалпы қанағаттанарлық жай-күй кезінде ревматикалық үдерістің белсенділік белгілерінсіз митральды қақпақша әлсіздігі (климаттық емдеу (таулыны қоспағанда), көмірқышқыл және радонды сулармен бальнеоемдеу);

2) қалпына келтірілген жай-күй немесе І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде ревматикалық үдерістің белсенділік белгілерінсіз, жүрек ырғағының болжанбаған жағымсыз бұзылыстарынсыз митральды қақпақша әлсіздігі басым болатын жанама жүрек кемістігі (жергілікті, климаттық емдеу, көмірқышқыл және радонды сулармен бальнеоемдеу);

3) үдерістің белсенділік белгілерінсіз сол жақ атриовентрикулярлық тесік стенозының басым болуымен жанама митральды жүрек кемістігі немесе І ФС-дан жоғары емес СЖӘ (жергілікті, климаттық емдеу (таулыны қоспағанда);

4) ІІ ФС СЖӘ кезінде 1), 2), 3) тармақшалардағы сияқты жай-күй (жергілікті);

5) І ФЖ жоғары емес СЖК кезіндегі стенокардия ұстамасынсыз, қоса болатын артериялық гипертониясыз және жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің болжанбаған жағымсыз бұзылыстарынсыз І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде үдерістің белсенділік белгілерінсіз қолқа қақпақшасының кемістіктері (жергілікті, климаттық емдеу (таулыны қоспағанда);

6) аралас жүрек кемістігі – жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің болжанбаған жағымсыз бұзылыстарынсыз қалпына келтірілген жай-күй немесе І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде үдерістің белсенділік белгілерінсіз митральды-аорталы жүрек кемістігі (жергілікті, климаттық емдеу (таулыны қоспағанда);

7) ІІ ФС СЖӘ кезінде 6) тармақшадағы сияқты жай-күй (жергілікті);

8) операциядан кейін 1,5-2,5 айдан ерте емес патологиялық үдерістің белсенділігі болмаған және СЖӘ І ФС-дан жоғары емес кезінде жүректің қақпақшалы аппараттарына операциялық әрекеттен (митральды комиссуротомиялар, жасанды протездерді қондыру, пластикалық операциялар) кейінгі жай-күй (жергілікті);

9) қалпына келтірілген немесе І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде ревматикалық үдерістің белсенділігі болмаған кезде операциядан кейін 6-8 айдан соң 8) тармақшадағы сияқты жай-күй (жергілікті, климаттық емдеу, бальнеоемдеу).

3. Тұрақты ремиссия сатысында жіті құбылыстарының аяқталуы бойынша ревматикалық емес миокардит болғаннан кейінгі жай-күй:

1) І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде (жергілікті, климаттық емдеу, көмірқышқыл және радонды сулармен бальнеоемдеу);

2) ІІ ФС СЖӘ кезінде (жергілікті).

2. Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)

1. Тұрақты стенокардия:

1) жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарынсыз І ФС-дан жоғары емес СЖӘ-мен елеулі күштік жүктемелер кезінде сирек ұстамалармен (аптасына 1-2 рет) (жергілікті, климаттық емдеу, бальнеоемдеу);

2) 1) тармақшадағы сияқты, алайда І дәрежелі артериялық гипертензиядан жоғары емес жанама болатын жай-күй (жергілікті, климаттық емдеу);

3) қалыпты күштік жүктемелер (ІІІ функционалдық сынып) және І ФС-дан жоғары емес СЖӘ және жүрек ырғағының болжанбаған жағымсыз және ауыр бұзылыстары болмаған кездегі стенокардия ұстамаларымен (жергілікті);

4) ІІ ФС-дан жоғары емес СЖӘ және жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің болжанбаған жағымсыз және ауыр бұзылыстары болмаған кезде, одан әрі стационарлық емдеу қажеттігі болмаған кезде хирургиялық әрекеттен кейін 4 аптадан кейінгі жүректің ишемиялық ауруын оперативті (аорта және маммарокоронарлық ұштастыру, тәж артерияларының транслюминалды ангиопластикасы) емдегеннен кейінгі жай-күй (жергілікті);

5) жүрек ырғағының бұзылыстарынсыз қалпына келтірілген жай-күйде немесе І ФС-дан жоғары емес СЖӘ-де елеулі күштік жүктемелер (І-ІІ функционалдық сыныптар) кезінде стенокардия ұстамалары болмаған кезде аорта және маммарокоронарлық ұштастыру, тәж артерияларының транслюминалды ангиопластикасы операциялық әрекеттен кейінгі ұзақ мерзімде (1 жыл және одан көп) (жергілікті, климаттық емдеу, бальнеоемдеу).

2. Функционалдық-қалпына келтіру кезеңіндегі миокард инфаркті:

1) ірі ошақты (трансмуалды), ұсақ ошақты, алғашқы, қайталанған, ІІ ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде инфарктіден кейінгі тыртықтың (І-ІІІ функционалдық сыныптар) қалыптасуын көрсететін электрокардиограмманың тұрақтандырылған өзгерістерімен ауыр асқынуларсыз өткен, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің айқын көрінген немесе болжанбаған жағымсыз бұзылыстарының болмауы (жергілікті (оңалту бөлімшелерімен);

2) 1) тармақшадағы сияқты, алайда мүшелер мен жүйелер функцияларының айқын көрінген бұзылыстарынсыз ремиссия сатысындағы басқа да аурулар қоса болған және ІІ ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде І-ІІ дәрежелі артериялық гипертензиямен жанама болатын жай-күй (жергілікті (оңалту бөлімшелерімен);

3) жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің жағымсыз бұзылыстарынсыз стенокардияның (І-ІІ функционалдық сыныптар) сирек, ауыр емес ұстамалары болатын жүректің, аортаның аневризмасы (жергілікті);

4) І ФС-дан жоғары емес СЖӘ және жүрек ырғағының бұзылыстары болмаған кезде операциядан кейін 1,5 айдан соң жүрек аневризмін, адгезивті перикардит себебінен перикардактомияны, жүректің қатерсіз ісіктерін, кардиомиопатияны хирургиялық емдегеннен кейінгі жай-күй (жергілікті (оңалту бөлімшелерімен);

5) тұрақты қалпына келтірілген және одан әрі хирургиялық емдеу қажет болмаған кезде (операциядан кейін 1,5-2 айдан кейін) қолқаға, оның висцералды тарамдарына (аневризманы резекциялау, коарктация, созылмалы абдоминалды ишемия және вазореналдық гипертензия себебінен протездеу операциясы) операциялық әрекет ету салдарлары (жергілікті).

3. Кардиосклероз:

1) І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде жүрек ырғағының бұзылыстарынсыз стенокардия үстамаларынсыз немесе ауыр емес сирек ұстамалармен (І-ІІ функционалдық сыныптар) инфарктіден кейінгі (1 және одан астам жылдан кейін) (жергілікті, климаттық емдеу);

2) 1) тармақшадағы сияқты, алайда І-ІІ ФС артериялық гипертензиямен жанама болатын жай-күй (жергілікті);

3) ІІ ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің болжанбаған жағымсыз бұзылыстарынсыз жалпы қанағаттанарлық жай-күй кезінде сирек (аптасына 1-2 рет), оңай басылатын стенокардия ұстамаларымен кемінде 3 ай ішінде болған алғашқы немесе қайталанған ірі ошақты немесе шағын ошақты инфарктіден кейінгі жай-күй (жергілікті).

3. Артериялық гипертензия

1. Артериялық гипертензия:

1) І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде қан тамырларының кризі және жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылыстарынсыз ми, жүрек, бүйрек қан тамырларының айқын көрінген атеросклерозы болмаған кезде І және ІІ дәрежелі (климаттық емдеу, бальнеоемдеу);

2) ми, тәж тамырлары қан ағымының және бүйрек функциясының елеулі бұзылыстарынсыз ауыр гипертониялық криз болмаған кезде ІІ дәрежелі (жергілікті).

2. Соматоформды вегетативті дисфункция (гипертензивті, гипотензивті, кардиалды және аралас түрлері):

1) тұрақты, кенет байқалған вегетотамырлы бұзылыстар және жүрек ырғағының бұзылыстары болмаған кезде (климаттық емдеу, бальнеоемдеу);

2) берік, кенет байқалған жүрек ырғағының вегетотамырлы бұзылыстары болған жағдайда (жергілікті);

3) кардиомиопатия кезінде (жергілікті);

4) жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің болжанбаған жағымсыз бұзылыстарынсыз І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде (сирек жекелеген экстрасистолияларды және Гис будасы тармақшаларын жартылай блокадалауды қоспағанда) (жергілікті, климаттық емдеу, бальнеоемдеу);

5) ІІ ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде (жергілікті).

4. Перифериялық артериялар мен көктамырлардың аурулары

1. Жара мен гангрена болмаған кезде аяқ-қол тамырлары мен іш қолқасы шеткі бөлігінің бітелген атеросклерозы (күкірт сутегі сумен бальнеоемдеу).

2. Тромбангиит, көшпелі тромбофлебиттің тромботикалық үдерістің жайылып кетуіне бейімдік, асқынулар, байқалған вазомоторлы бұзылыстар болмаған кезде тұрақты ремиссия кезеңінде аяқ қан айналымының І-ІІ сатылы бұзылысымен бітелген эндартериит (күкірт сутегі сумен бальнеоемдеу).

3. Тұрақты және қалпына келтірілген қан айналымы кезінде бітелген қантамырлары ауруларының себебінен қолқаның іш бөлігіне және аяқтың артерияларына реконструктивті операциялардан (6 аптадан кейін) кейінгі жай-күй (жергілікті (оңалту бөлімшелерімен).

4. Аяқ флебитінің, тромбофлебитінің қалдық құбылыстары:

1) 4 айдан ерте емес тромбоздан және беткіде терең 2 айдан соң жіті және жартылай жіті құбылыстарының аяқталуы бойынша (жергілікті, күкірт сутегі және радонды сумен бальнеоемдеу);

2) көктамыр әлсіздігімен және терінің трофикалық кемістіктерімен (жара, инфильтраттар) (радонды сумен бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

5. ІІ-ІІІ сатылы созылмалы көктамыр әлсіздігімен варикоз ауруы (жергілікті, күкірт сутегі және радонды сумен бальнеоемдеу).

6. Көктамыр қан айналымы қалпына келтірілген кезде варикоз ауруы мен тромбофлебиттік синдромынан кейінгі салдардан аяқ-қолдың магистральды көктамырларына операциялық әрекеттен кейінгі (4-6 аптадан кейін) жай-күй (жергілікті (оңалту бөлімшелерімен).

5. Тыныс алу мүшелерінің аурулары

1. Ауыр немесе асқынған күйде өту кезінде кең ауқымды қабыну үдерісімен пневмонияға шалдыққаннан кейінгі жай-күй (жергілікті, климаттық емдеу).

2. Тыныс алу әлсіздігі І дәрежеден жоғары емес кезінде астенизациямен, өкпедегі қалдықты қабыну өзгерістерінің клиникалық және рентгенологиялық белгілерімен ұзақ ағымды (8 аптадан астам) пневмонияға шалдыққаннан кейінгі жай-күй (жергілікті, климаттық емдеу).

3. Тыныс алу әлсіздігі І дәрежеден жоғары емес кезінде көп қақырық бөлінумен қоса болатын бронхоэктазсыз ремиссия сатысындағы созылмалы бронхит (жергілікті, климаттық емдеу).

4. Тыныс алу әлсіздігі ІІ дәрежеден жоғары емес кезінде көп қақырық бөлінумен қоса болатын бронхоэктазсыз ремиссия сатысындағы созылмалы бронхит (жергілікті).

5. Тыныс алу әлсіздігі І дәрежеден жоғары емес кезіндегі ремиссия сатысындағы, соның ішінде уытты және шаңды этиологиядағы кәсіптік сипаттағы трахеиттер, трахеобронхиттер (жергілікті, климаттық емдеу (таулыны қоспағанда).

6. Тыныс алу әлсіздігі ІІ дәрежеден жоғары емес кезінде, ІІ дәрежелі өкпе әлсіздігімен өкпелік жүрек және І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде тұрақты немесе тұрақсыз ремиссия сатысындағы созылмалы обструктивті ауру (жергілікті).

7. Іріңдеу үдерістері, туа біткен патология, қатерсіз ісіктер себебінен, сондай-ақ операция нәтижесінде бұзылған ағзаның негізгі жүйелерінің функционалық жай-күйі жеткілікті түрде қалпына келтірілген қатайған операциядан кейінгі тыртық кезінде кеуде қуысын тесіп өткен жараланудан кейін өкпеге операциялық әрекеттен кейінгі жай-күй:

1) І дәрежеден жоғары емес өкпе әлсіздігі, І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезіндегі операциядан кейін 3-4 айдан ерте емес (жергілікті, климаттық емдеу);

2) ІІ дәрежеден жоғары емес өкпе әлсіздігі, І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезіндегі операциядан кейін 6 айдан ерте емес (жергілікті).

8. Құрғақ және экссудативті плевритке, плевропневмонияға шалдыққаннан кейінгі плевралық жабыспа (жергілікті, климаттық емдеу).

9. Бронх демікпесі (атопиялық, инфекциялық-аллергиялық түрлері):

1) І дәрежеден жоғары емес өкпе әлсіздігі кезінде І ФС-дан жоғары емес СЖӘ сатысында (жергілікті, климаттық емдеу);

2) гормонды терапияны тоқтатқаннан кейін 2 ай өткен соң ІІ дәрежеден жоғары емес өкпе әлсіздігі І ФС-дан жоғары емес СЖӘ кезінде (жергілікті).

10. Бронхоэктазиялық ауру:

1) іріңді қақырық көп бөлінбейтін шектеулі инфильтративтік өзгерістер кезіндегі, қан қақыруға бейім емес І дәрежеден жоғары емес тыныс алу әлсіздігі кезіндегі ремиссия сатысында (жергілікті, климаттық емдеу);

2) қан қақыруға бейім емес ІІ дәрежеден жоғары емес тыныс алу әлсіздігі кезінде (жергілікті).

11. Жалпы қанағаттанарлық жай-күй кезінде және І дәрежеден жоғары емес тыныс алу әлсіздігі кезінде жергілікті невмокониоздар, пневмосклероздар:

1) тыныс алу мүшелерінің созылмалы үдерістерімен қоса болатын қабыну ауруларының салдары ретінде қоса болатын ауру ретінде (жергілікті, климаттық емдеу);

2) І дәрежеден жоғары емес тыныс алу әлсіздігі кезінде олардың асқынулары болмаған кезде (жергілікті, климаттық емдеу);

3) диффузиялық пневмосклероз кезінде және ІІ дәрежеден жоғары емес тыныс алу әлсіздігі кезінде (жергілікті).

12. Тұрақты және ұзаққа созылған ремиссия кезінде метатуберкулезды пневмофиброздар (жергілікті, климаттық емдеу).

13. Ремиссия сатысындағы респираторлық аллергоздың белгілері басым болатын поллиноздар (климаттық емдеу).

6. Ас қорыту мүшелерінің аурулары

1. Эзофагитпен және эзофагитсіз асқыну сатысынан тыс жеңіл және орташа дәрежелі ауырлықтағы гастроэзофагеалды рефлюкс (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

2. Созылмалы гастрит (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

3. І-ІІ дәрежелі гастроптоз (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

4. Ремиссия немесе асқазанның моторлы функциясының бұзылыстарынсыз, қан кетуге бейім емес, пенетрациясыз және малигнизациясыз бәсеңдеп асқыну сатысындағы асқазанның, ұлтабардың жара ауруы (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

5. Жеңіл және орта ауырлықтағы жалпы бұзылыстардың болуымен (демпинг және гипогликемиялық синдромдар) жара ауруы себебінен операция жасалған асқазан аурулары, асқазан резекциясынан кейін 2 айдан ерте емес астениялық синдром (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

6. Түрлі этиологиядағы созылмалы колиттер, энтероколиттер (туберкулездік, тарылмалы, жара, бактериялық және паразиттіктен басқа) (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

7. Қалдықты құбылыстар болған кезде жіті вирусты гепатитке шалдыққаннан кейінгі жай-күй (климаттық емдеу).

8. Жалпы қанағаттанарлық жай-күй, бауырдың функционалдық сынамаларының шамалы ауытқулары кезінде белсенді емес сатысындағы түрлі этиологиядағы созылмалы гепатиттер және бауырды уыттыхимиялық зақымдаудың қалдықты құбылыстары (климаттық емдеу).

9. Ремиссия сатысындағы созылмалы холециститтер және өт жолдары мен өт қабының дискинезиялары (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

10. Хирургиялық әрекетті талап ететін түрлерін қоспағанда (көптеген немесе ірі жекелеген конкременттер, өт жолдарының обтурациясы), өт тасы ауруы (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

11. Жалпы қанағаттанарлық жай-күй, операциядан кейін бітелген тыртық кезінде өт жолдарына операция жасаудан кейінгі жай-күй (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

12. Асқынудан тыс қалпына келген сатыдағы созылмалы панкреатит (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

13. Байқалған ауырсыну сидромынсыз және функционалдық бұзылыстарсыз жалпы қанағаттанарлық жай-күй, операциядан кейін бітелген тыртық кезінде ұйқы безіне операция жасағаннан кейінгі жай-күй (бальнеоемдеу, климаттық емдеу, балшықпен емдеу).

14. Ішектің жартылай бітелуі белгілерінсіз белсенді емес сатыдағы іш қуысы мүшелерінің перивисцериттеры (туберкулездік емес сипаттағы) (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

7. Зат алмасу және эндокринді жүйе аурулары

1. ІІ ФС-дан жоғары СЖӘ құбылыстарынсыз І-ІІІ дәрежелі алғашқы алиментарлық-конституционалдық семіздік (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

2. Қалпына келтірілген немесе қалпына келтірілмейтін жай-күйдегі қант диабеті (аш қарынға гликемия 6,0-6,5 ммоль/л шегінде, постпрандиалды гликемия 7,5-9,0 ммоль/л):

1) кетоацидозға және гипогликемиялық жай-күйлерге бейім емес тұрақты қалпына келтірілген жеңіл және орта дәрежелі ауырлықтағы қант диабеті (бальнеоемдеу);

2) науқастанудың тұрақты өтуі және алмасу үдерістері тұрақты қалпына келтірілген кездегі ауыр дәрежелі қант диабеті (климаттық емдеу).

3 Буындардың функционалдық қабілетін сақтай отырып, ремиссия сатысындағы подагра (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

4. Жеңіл және орташа ауырлықтағы диффуздық уытты зоб, дәрі-дәрмекпен қалпына келтірілген (бальнеоемдеу, климаттық емдеу).

8. Жүйке жүйесінің аурулары

1. Сирек ұстамалары бар үшжақты және тіл-жұтқыншақ жүйкелерінің невралгиясы (жергілікті, бальнеоемдеу, климаттық емдеу, балшықпен емдеу).

2. Бет жүйкесінің невриті мен невропатиясы (инфекциялық және ишемиялық түрдегі), ауру басталғаннан бастап 2 айдан кейін және одан кейін контрактураны қоса алғанда, ерте және кеш кезеңдері (жергілікті, бальнеоемдеу, климаттық емдеу, балшықпен емдеу).

3. Бел-сегізкөз, иық өрімдерінің, мойын, кеуде, бел-сегізкөз түбіршектерінің, жіті кезеңі аяқталғаннан бастап 2 айдан кейін және одан кейін қабыну сипатындағы қол-аяқтың жекелеген жүйкелерінің зақымдануы, туннельдік синдром (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

4. Инфекциялық полиневрит: улану, уытты инфекция, қант диабеті, аллергия кезіндегі, сондай-ақ толық емес ремиссия немесе 3-4 айдан кейін ұзаққа созылған асқыну сатысында дәрілік заттардан болған; өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу кезінде созылмалы өту, қалдықты құбылыстар кезінде ерте немесе кеш қалпына келтіру кезеңіндегі полиневропатия (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

5. Ремиссия немесе сирек криздері бар регресс сатысындағы омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозымен байланысты церебральді тамырлы синдромдар (артқы мойын симпатикалық синдромы және басқалар) (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

6. Омыртқаның мойын және кеуде бөліктерінің омыртқааралық дискілерінің дегенерациясымен байланысты бұлшықет-тоникалық, вегетативтік-тамырлы, вегетативтік-висцеральдық немесе нейродистрофиялық белгілері бар рефлекторлық синдромдар (алдыңғы сатылы бұлшықеттердің, иық-жауырын периартрозының және басқалардың синдромдары) (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

7. Қалыпты және әлсіз айқын көрінген ауырсынулармен омыртқаның бел бөлігінің омыртқааралық дискілерінің дегенерациясымен байланысты бұлшықет-тоникалық, вегетативтік-тамырлы немесе нейродистрофиялық белгілері бар люмбалгия, люмбоишиалгия (алмұрт тәрізді бұлшықеттердің, сан-жамбас немесе тізе буындары периартрозының, кокцигодиндердің және басқалардың синдромдары) (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

8. Дискілерді секвестрлеу, өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу болмаған жағдайда қалыпты және әлсіз айқын көрінген ауырсынулармен дискогенді радикулиттер, түбіршектік-тамырлы синдром (радикулоишемия) (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

9. Ламинэктомиядан кейінгі синдром, қалыпты және әлсіз айқын көрінген ауырсынулармен моно, би және полирадикулиттік синдромы бар диск жарығын алып тастағаннан кейінгі жай-күй, өз еркімен қозғалған және өзіне-өзі қызмет көрсеткен жағдайда ламинэктомиядан кейін 3 айдан соң, алдыңғы спондилодезден кейін 6 айдан соң радикулоишемия, радикуломиелоишемия, ат құйрығы синдромы (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

10. Жарақаттан немесе операциядан кейін 2 айдан ерте емес өзіне-өзі қызмет көрсеткен және өз еркімен қозғалған жағдайда қозғалыстың және сезгіштіктің бұзылыстары, ауырсыну синдромдары, функцияның қалпына келуінің жалғасуы белгілері қоса болатын түбіршектер, өрімдер, жүйке тармақшалары жарақаттарының (хирургиялық әрекетті талап етпейтін, сондай-ақ операциядан кейін) салдарлары (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

11. Жіті кезең аяталғаннан кейін вегетативті полиневропатия, солярит, симпотоганглионит, сондай-ақ ангиоспастикалық, сегменттік-вегетативтік, оның ішінде кәсіптік сипаттағы синдромдар (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

9. Орталық жүйке жүйесінің аурулары

1. Ауру басталғаннан немесе операциялық әрекеттен кейін 3-6 айдан соң ремиссия сатысындағы церебральды арахноидит (конвекситальды және артқы бас сүйек түрлері) (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

2. Өзіне-өзі қызмет көрсеткен және өз еркімен қозғалған жағдайда сирек пароксизмдері бар гипоталамустық, вегетативтік-тамырлы синдромдарды қоса алғанда, болған кене, тұмаудан кейінгі, екпелік, ревматизмдік және энцефалиттің басқа да түрлерінен кейінгі. қалдықты құбылыстар (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

3. Өз еркімен қозғалу және өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі болған, қалпына келу белгілері жалғасқан және жамбас мүшелері функцияларының бұзылыстары болмаған кезде аурудан кейін 4 айдан ерте емес жіті кезең аяқталғаннан кейін энцефалит және миелит (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

4. Қалпына келу және резидуалды кезеңдерде, сондай-ақ функциялардың қалпына келуі жалғасқан белгілері, өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу мүмкіндігі болған кезде ортопедиялық операциялардан кейін болған (артродез, бұлшықеттерді ауыстырып салу және басқалар) полиомиелиттің салдарлары (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

5. Өз еркімен қозғалу және өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі болған кезде операциядан кейін 4 айдан ерте емес жұлынның экстрамедуллярлық қатерсіз ісіктерін толық алып тастау салдарлары (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

6. Жарақаттану немесе ортопедиялық нейрохирургиялық операциядан кейін 4 айдан соң өзіне-өзі қызмет көрсетуі және өз еркімен қозғалуы шектелмейтін және жамбас мүшелері функцияларының өрескел бұзылыстарынсыз жеңіл тетра немесе парапарездермен жұлын, ат құйрығы жарақаттарының салдарлары (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

7. Өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу мүмкіндігі болған кезде қозғалыс функцияларының елеулі бұзылыстарынсыз кең тараған склероздың кенеттен емес айқын көрінген түрлері (жергілікті).

8. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге және өз еркімен қозғалуға кедергі келтіретін, қозғалыс аясының кенеттен бұзылыстары, эпилептикалық талмалар және психикалық бұзылыстар қоса болмайтын кенеттен айқын көрінген бас сүйек ішіндегі гипертензиясынсыз астениялық, вегетативтік-тамырлы, гипоталамустық синдромдар болған кездегі мидың жабық (2 айдан кейін) және ашық (5 айдан кейін) жарақаттарының салдарлары (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

10. Церебральды-васкулярлық аурулар

1. Жиі ұстамаларынсыз қыспаның әр түрлі нысандары (жергілікті, климаттық емдеу).

2. Ми қан айналымының бұзылыстарынсыз және айқын байқалатын психопатологиялық бұзылыстарынсыз (оның ішінде І-ІІ дәрежелі артериялық гипертензия қоса болатын) церебральды атеросклероз (климаттық емдеу).

3. Ұстамадан кейін 3-4 айдан соң қайталанбайтын криздерсіз және І-ІІІ дәрежелі артериялық гипертензиясыз өтпелі ишемия (кіші инсульт) (жергілікті).

4. Аурудың өршуі басталғаннан бастап 2 аптадан ерте емес бір тәулік ішінде өршитін ошақтық органикалық симптоматикамен өтетін ми қан айналымының өтпелі бұзылыстары, ангиодистониялық церебральді криздер (жергілікті).

5. Өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы шектелмейтін және жамбас мүшелері функциясының бұзылыстарынсыз қозғалыстың жеңіл бұзылыстары болған жағдайда жіті кезеңнен кейін 4 айдан соң жұлын инфарктісінің (эмболиялық және эмболиялық емес), гематомиелияның салдарлары (жергілікті, бальнеоемдеу).

6. Интеллектінің, афазияның төмендеуінсіз өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу мүмкіндігі болған кезде 4-6 айдан ерте емес субарахноидальды, субарахноидальды-паренхиматозды қан құйылу салдарлары (жергілікті).

7. Интеллектінің, афазияның төмендеуінсіз және операциялық әрекетті талап етпейтін өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу мүмкіндігі болған кезде 4-6 айдан ерте емес ми ішіне қан құйылу (геморрагиялық инсульт) салдарлары (жергілікті).

8. Интеллектінің, афазияның төмендеуінсіз өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу мүмкіндігі болған кезде 4-6 айдан ерте емес қалпына келу кезеңінде церебральді магистральды артериялардың, ми артерияларының бітелуінің немесе тарылуының (ми инфарктісінің) салдарлары (жергілікті).

9. 1-2 апта ішінде толық немесе ішінара кері өршитін қалыпты және кенеттен емес айқын көрінген ошақтық органикалық неврологиялық симптоматикамен ишемиялық инсульттардың түрлері (жергілікті).

10. Операциядан кейін 6 аптадан ерте емес 2 апта ішінде толық немесе ішінара кері өршитін операциядан кейін қалдықты асқынуларсыз немесе ошақтық органикалық неврологиялық симптоматикамен мойын мен бастың магистральдық артерияларына операциялардан және экстра/интракраниальды анастомоздардан кейінгі жай-күй (жергілікті).

11. Жүйке жүйесінің басқа да аурулары

1. Неврастения (гипер және гипостениялық түрлер, қызбалық әлсіздік) және невроз тәрізді жай-күйлер, инфекциямен, уланумен, жарақатпен, эндокриндік бұзылыстармен байланысты соматоформды вегетативті дисфункция (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

2. Рейно ауруы (І-ІІІ-сатылы), ганглионарлық, вибрациялық және басқа тектес Рейно синдромы (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

3. Үдемелі бұлшықет дистрофиялары (невральды және арқа амиотрофиялары, өзіне-өзі қызмет көрсетуі және қозғалу қабілеті шектелмейтін және психиканың бұзылыстарынсыз орталық жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары) (жергілікті, радонды сулармен бальнеоемдеу).

4. Жіті кезең аяқталғаннан кейінгі уытты энцефалопатия, Рейно синдромы, вегетативті полиневропатиялар, бұлшықет бұзылыстары: шырылдап түйілу, басқа этиологиядағы вегетативті полиневропатия қоса болатын оқшауланған және аралас діріл әсерінен І-ІІІ сатылы дірілдеу ауруы (жергілікті).

12. Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары

1. СЖӘ І ФС-дан жоғары болмаған кезде жүрек жағынан жіті және жітілеу құбылыстар аяқталғаннан кейін 8-10 айдан ерте емес болған ревматизмдік полиартриттің салдарлары (күкірт сутегімен және азот-термалды сумен бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

2. Өзіне-өзі қызмет көрсету және өз еркімен қозғалу мүмкіндігі болған кезде үдеріс белсенділігі ең төмен және орташа белсенді емес сатыдағы ревматоидты артрит (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

3. Үдеріс белсенділігінің белгілерінсіз белгілі бір этиологиядағы инфекциялық полиартрит (тұмаудан кейінгі, сүзектен кейінгі, бруцеллездік және басқа да) (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

4. Қайталанған синовитпен және онсыз остеоартроздар (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

5. Буын ішіндегі зақымданулардан, буын айналасындағы сынулардан және ұзақ уақыт иммобилизациялаудан кейін буындардың жарақаттан кейінгі контрактуралары (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

6. Жергілікті және байқалған синдромдар қоса болатын омыртқаның қозғалысын кенеттен шектемейтін спондилез, спондилоартроз, қылқанаралық артроз (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

7. Науқас өз еркімен қозғалған жағдайда қайталанған неврологиялық бұзылыстармен және оларсыз омыртқа остеохондрозы (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

8. Науқас өз еркімен қозғалған және үдеріс белсенділігі ІІ дәрежеден жоғары емес кезіндегі анкилозды спондилоартрит (Бехтерев-Штрюмпель-Мари ауруы) (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

9. Үдерістің тынышталу сатысындағы созылмалы инфекциялық спондилит (туберкулездік емес) (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

10. Жыланкөздер болмаған кезде және науқас өз еркімен қозғалған жағдайда үдерістің тынышталу сатысындағы омыртқааралық остеохондрит және омыртқа денесінің остеомиелиті (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

11. Науқастың өз еркімен қозғалуын қиындатпайтын омыртқаның сыну салдарлары (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

12. Науқас өз еркімен қозғалған жағдайда баяу консолидациясы немесе ауырсынатын сүйек мүйізгегі бар дене мен аяқ-қол сүйектерінің сыну салдарлары (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

13. Әр түрлі оқшауланған созылмалы синовиттер мен бурситтер, кезеңдік өршитін тендовагиниттер және қайталанған синовиттер (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

14. Бұлшықеттердің, сіңірлердің және шандырлардың қабыну аурулары және әр түрлі оқшауланған нейромиозит (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

15. Кезеңдік өршитін бұлшықеттердің зақымданулары (инфекциядан, уыттан және жарақаттанудан болған) (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

16. Вегетативті жүйке жүйесі тонусының асқынуы және өзгеруі нәтижесінде пайда болатын эпикондилиттер, стилоидиттер (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

17. Науқастың өз еркімен қозғалуына кедергі келтірмейтін қалыпты дене температурасы кезінде хирургиялық әрекетті талап етпейтін немесе одан кейін жыланкөзсіз қайталанып өтетін гематогенді жарақаттанудан болған созылмалы остеомиелит (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

18. Қол басын және саусақтарды ампутациялау себебінен микрохирургиялық операциялардан кейінгі, аяқтың саусақтарын ауыстырып салу бойынша операциядан кейінгі жай-күй, сондай-ақ жарақаттанудан кейін қол басы мен саусақтардың қисаюы, операциядан кейін үш айдан соң еркін және аралас тері пластикасы (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

19. Күйіктен кейінгі, оның ішінде реконструктивті операциялардан кейінгі контрактуралар, өз еркімен қозғалған және өзіне-өзі қызмет көрсеткен кезде күйіктен кейінгі жаралар (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

20. Ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жаралану салдарынан трофикалық жаралар (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

13. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары

1. Асқынбаған созылмалы пиелонефрит (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

2. Туберкулездік емес сипаттағы созылмалы циститтер (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу).

3. Ремиссия сатысындағы созылмалы простатит, созылмалы везикулит, орхоэпидидимит (туберкулездік емес этиологиядағы) (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу, климаттық емдеу).

4. Зәр-тас ауруы, оның ішінде ремиссия сатысында пиелонефритпен және циститпен асқынған (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу, климаттық емдеу).

5. Конкременттерді алып тастағаннан кейін 1,5-2 ай өткен соң зәр-тас ауруын операциялық емдеуден кейінгі жай-күй (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу, климаттық емдеу).

14. Әйел жыныс мүшелерінің аурулары

1. Қалыпты дене температурасы, лейкоцитарлық формулада өзгерістер және эритроциттердің шөгу жылдамдығы болмаған кезде асқынудан кейін 8 аптадан ерте емес ремиссия кезеңіндегі созылмалы сальпингит, оофорит:

1) аналық бездің өзгермейтін гормондық функциясы кезінде (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу);

2) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (аналық бездің гипофункциясы) (бальнеоемдеу (радонды сумен), балшықпен емдеу);

3) гиполютеинизм немесе ановуляция кезінде (бальнеоемдеу (радонды сумен);

4) хирургиялық емдеуді талап етпейтін жатыр миомасы қоса болатын (бальнеоемдеу (радонды сумен).

2. Қалыпты дене температурасы, лейкоцитарлық формулада өзгерістер және эритроциттердің шөгу жылдамдығы болмаған кезде жіті үдеріс аяқталғаннан және инфильтрат ісігінің белгілерін саусақпен анықтау тұрақтандырылғаннан кейін 4-6 аптадан ерте емес ремиссия кезеңіндегі созылмалы параметрит:

1) аналық бездің өзгермейтін гормондық функциясы кезінде (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу);

2) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (аналық бездің гипофункциясы) (бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу);

3) гиполютеинизм немесе ановуляция кезінде (бальнеоемдеу (радонды сумен).

3. Жамбастың перитониалды жабыспалары:

1) аналық бездің өзгермейтін гормондық функциясы кезінде (бальнеоемдеу (радонды сумен), балшықпен емдеу);

2) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (аналық бездің гипофункциясы) (бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу);

3) гиполютеинизм немесе ановуляция кезінде (бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда).

4. Қалыпты дене температурасы, лейкоцитарлық формулада өзгерістер және эритроциттердің шөгу жылдамдығы болмаған кезде жіті үдеріс аяқталғаннан кейін 6 аптадан ерте емес созылмалы жамбас перитониті:

1) аналық бездің өзгермейтін гормондық функциясы кезінде (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу);

2) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (аналық бездің гипофункциясы) (бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу);

3) гиполютеинизм немесе ановуляция кезінде (бальнеоемдеу (радонды сумен).

5. Қалыпты дене температурасы, лейкоцитарлық формулада өзгерістер және эритроциттердің шөгу жылдамдығы болмаған кезде асқыну аяқталғаннан кейін 4 аптадан ерте емес ремиссия кезеңіндегі созылмалы эндометрит (эндомиометрит):

1) аналық бездің өзгермейтін гормондық функциясы кезінде (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу);

2) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (аналық бездің гипофункциясы) (бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу);

3) гиполютеинизм немесе ановуляция кезінде (бальнеоемдеу (радонды сумен).

6. Жатырдың дұрыс орналаспауы – бекітілген немесе қатты бекітілген ретроверзия, ретрофлексия (ретродевиация), оның ішінде жуан ішек, қуық функциясының бұзылыстары қоса болатын шалдыққан қабыну үдерістерімен немесе жамбастың перитонеалды жабыспаларымен байланысты:

1) аналық бездің өзгермейтін гормондық функциясы кезінде (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу);

2) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (аналық бездің гипофункциясы) (бальнеоемдеу (радонды және йодбромды суларды қоспағанда);

3) гиполютеинизм немесе ановуляция кезінде (бальнеоемдеу (радонды сумен).

7. Жыныс мүшелерінің қабыну үдерісіне шалдығуы салдарынан аналық без функциясының бұзылысы:

1) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (жергілікті, бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу, теңіз жағалауында климаттық емдеу);

2) гиполютеинизм және ановуляция түріндегі гиперэстрогения кезінде (радонды және йодбромды сулары бар курорттар).

8. Етеккір функциясының бұзылысы, етеккірдің болмауы:

1) жүйке және эндокринді жүйелердің органикалық зақымданулары болмаған кезде (симптоматикалық емдеу) орталық генездің алғашқы аменореясы (жергілікті);

2) аналық без функциясының бұзылысы салдарынан болған қайталанған аменорея (жергілікті, бальнеоемдеу (радонды суы қоспағанда), балшықпен емдеу);

3) жатырдағы өзгерістер салдарынан болған қайталанған аменорея (қыру кезінде эндометрияның базальды қабатын алып тастау), жатырішілік синехиялар (бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу).

9. Қабыну үдерісінен кейін жатырдағы немесе аналық бездегі өзгерістер салдарынан болған өте аз немесе сирек етеккірлер (гипоменорея, олигоменорея):

1) циклдің екі сатысының әлсіздігі (қыру) кезінде, жатырішілік синехиялар (жергілікті, бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда);

2) гиполютеинизм және ановуляция кезінде (радонды сумен бальнеоемдеу).

10. Жиі (полименорея), көп (гиперменорея) етеккірлер, қабыну үдерісінен кейін жатырдағы немесе аналық бездегі өзгерістер салдарынан етеккір циклінің қысқаруы (пройоменорея) (жергілікті, радонды сумен бальнеоемдеу).

11. Қабыну үдерісіне шалдыққаннан кейін тұрақты емес етеккірлер:

1) циклдің екі сатысының әлсіздігі кезінде (жергілікті, бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу);

2) гиполютеинизм кезінде (радонды сумен бальнеоемдеу).

12. Жасанды туындаған немесе алдын ала менопаузаға байланысты жай-күйлер (менопауза себебін анықтағаннан кейін). Аналық без ісіктерін хирургиялық емдеу салдарынан болған кастракциядан кейінгі синдром:

1) қатерсіз (жергілікті, радонды сумен бальнеоемдеу);

2) қатерлі (жергілікті).

13. Әйел бедеулігі:

1) мыналар кезінде созылмалы сальпингит салдарынан жатыр түтіктерінің түйілуі (бітелуі) (жергілікті, бальнеоемдеу):

аналық бездің өзгермеген гормондық функциясы (жергілікті, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу);

циклдің екі сатысының әлсіздігі (бальнеоемдеу (радонды суды қоспағанда), балшықпен емдеу);

гиполютеинизм және ановуляция (радонды сумен бальнеоемдеу);

2) мыналардың салдарынан функционалдық түтікшелік бедеулік:

жатыр түтіктерінің жиырылу белсенділігінің болмауы немесе төмендеуі (күкірт сутегі және азот-термалды сумен бальнеоемдеу);

жатыр түтіктерінің өте жоғары жиырылу белсенділігі немесе үйлеспеуі (радонды сумен бальнеоемдеу).

14. Үдеріс тұрақтандырылған, қалыпты дене температурасы болған, лейкоцитарлық формулада өзгерістер және эритроциттердің шөгу жылдамдығы болмаған кезде жатырға, түтікшелерге, аналық безге жасалған операциядан кейінгі ұлғаю белгілерінсіз инфильтрат, (операциядан кейін 6-8 аптадан ерте емес) (жергілікті, радонды сумен бальнеоемдеу).

15. Тері аурулары

1. Псориаз, стационарлық және кері даму сатысындағы шектелген және кең таралған күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы түрлері: ремиссия сатысындағы артропатиялық түрі, буын функциялары сақталған кездегі артралгия және бастапқы артроз (бальнеоемдеу).

2. Созылмалы сатыдағы (экссудативті түрді қоспағанда) шектелген, диффузды нейродермит (атопиялық дерматит) (бальнеоемдеу).

3. Созылмалы сатыдағы нақты және себореялы экзема, қысқы түрі (күкірт сутегі және радонды сумен бальнеоемдеу).

4. Склеродермия:

1) белсенді емес сатыдағы түйіндақты, шектелген және кең таралған (күкірт сутегі және радонды сумен бальнеоемдеу);

2) дәрі-дәрмекпен емдеу курсынан кейін белсенді емес сатыдағы тірек-қимыл аппаратын зақымдаумен жүйелі (күкірт сутегі және радонды сумен бальнеоемдеу).

16. Қан аурулары және созылмалы уланулар

1. Ауыр аурулар (қатерлі жаңа өскіндерден басқа), операциялар нәтижесінде өршіген темір тапшылығы анемиясы, стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін созылмалы геморрагиядан кейінгі анемия (климаттық емдеу).

2. Көктемде және күзде жалпы қанағаттанарлық жағдай кезіндегі В-12-тапшы, пернициозды, фолий тапшылығы анемия (көктемде және күзде климаттық емдеу).

3. Жалпы қанағаттанарлық жағдайдағы гемолитикалық анемия (жергілікті).

4. Апластикалық синдромның өршуі болмаған жағдайдағы гипопластикалық, апластикалық анемия (жергілікті).

5. Жалпы қанағаттанарлық жағдайдағы тромбоцитопеникалық пурпураның жеңіл және орташа дәрежесі (жергілікті).

6. Созылмалы лейкоздар (лимфолейкоз, миелолейкоз, сублейкомиялық миелоз), көктемде және күзде тұрақты клиникалық және гематологиялық компенсациядағы баяу өршитін эритремияның бастапқы сатысы (көктемде және күзде климаттық емдеу).

7. Науқастың жалпы қанағаттанарлық жағдайдағы қалыптасу, қалпына келтіру (тұрақтану) сатысындағы I-II дәрежелі созылмалы сәулелік ауру (жергілікті, көктемде және күзде климаттық емдеу, күкірт сутегі сумен бальнеоемдеу).

17. Көру мүшелерінің аурулары

1. Көздің қалыпты деңгейдегі ішкі қан қысымымен бастапқы және дамыған сатылардағы алғашқы глаукома (окулистің қорытындысымен) (климаттық емдеу).

2. Көздің ауыр жаралануына, контузия алуына және күюіне байланысты реконструктивті операцияларға шалдыққаннан кейінгі жай-күй (климаттық емдеу).

3. Жасанды көз бұршағын ауыстырып сала отырып, жасқа және жарақатқа байланысты катаракталарды хирургиялық түзегеннен кейінгі жай-күй (климаттық емдеу).

4. Дистрофиялық сипаттағы көз торының аурулары, ағзаның өршімейтін жалпы қалпына келтірілген жай-күйіндегі көру нервісінің ішінара атрофиясы (климаттық емдеу).


      Ескертпе: науқастарды санаторий-курорттық емделуге жіберуге болмайтын қарсы көрсеткіштер:

      1. Жіті сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы немесе жітііріңді үдерістермен асқынған созылмалы аурулар.

      2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейін жіті инфекциялық аурулар, бациллатасымалдау (күл мен ішек инфекцияларына қатысты).

      3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.

      4. Психикалық аурулар, нашақорлықтың барлық түрлері, созылмалы маскүнемдік, эпилепсия.

      5. Қатерлі жаңа өскіндер.

      6. Жіті сатысындағы және асқыну сатысындағы барлық қан аурулары.

      7. Кез келген текті кахексия, ішкі мүшелердің амилоидозы.

      8. Стационарлық емделуді немесе хирургиялық әрекетті талап ететін, сондай-ақ өз еркімен қозғалу мүмкіндігі жоқ, ұдайы күтімге мұқтаж (мамандандырылған санаторийге жіберілетін бел науқастарынан басқа) барлық науқастар.

      9. Кез келген этиологиядағы эхинококк.

      10. Түрлі текті жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.

      11. Қалыпты жүктілік.

      12. Белсенді сатысындағы барлық туберкулез түрлері.

      13. Көз бен терінің барлық жұқпалы және паразитарлық аурулары.

      14. Тырыспа талмалар және олардың баламалары, тәртібі мен әлеуметтік бейімделуінің айқын байқалатын бұзылыстары бар адамның патологиялық дамуы, ақыл-ес кемістігі.

      15. Белсенді (II-III дәрежелі белсенділік) сатысындағы ревматикалық эндомиокардит.

      16. Инфекциялық-аллергиялық миокардит (Абрамов-Фидлердің және ауырлығы бойынша оған жақын).

      17. І сатыдан жоғары (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу және таудағы курорттарда орналасқан санаторийлер үшін), II сатыдан жоғары (барлық санаторийлер үшін) қан айналым әлсіздігі.

      18. Блокадалар: Гис будасы тармақшаларының толық, екібудалы блокада және ырғақтың басқа да бұзылыстарымен қоса болатын (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу және таудағы курорттарда орналасқан санаторийлер үшін), толық атриовентрикулярлық (барлық санаторийлер үшін).

      19. Тахикардияның жиі ұстамалары (бальнеоемдеу, балшықпен емдеу және таудағы курорттарда орналасқан санаторийлер үшін), ІІ сатыдан жоғары қанайналым әлсіздігімен жыбырлақ аритмия, жиі (5 мин-1 көп) политопты экстрасистолия, ырғақтың күрделі бұзылысының сақталуымен ырғақтың жасанды жүргізушісі (барлық санаторийлер үшін).

      20. Жүректің ищемиялық ауруы:

      жіті миокард инфаркті;

      кернеу және тыныштық күйдегі (IV ФС) стенокардияның жиі ұстамалары немесе сол жақ қарынша әлсіздігі (жүрек демікпесі).

      21. Қатерлі өтетін артериялық гипертензия, СЖӘ ІІ ФС-дан жоғары кезінде, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылыстары болған, бүйректің азот бөлу функциясының бұзылысы кезінде жақында миокард инфарктіне немесе инсультке шалдыққан ІІІ дәрежелі артериялық гипертензия.

      22. Перифериялық қан ағу декомпенсациясымен, жаралардың, гангренаның болуымен аяқ қан тамырларының атеросклерозы.

      23. Көшпелі тромбофлебит қоса болған кезде, жаңа ойық жараланулар, гангрена болған кезде таралуға бейім облитерацияланған тромбангиит (эндоартериит).

      24. Тромбоэмболиялық ауру.

      25. Созылмалы диффузды бронхиттер, асқыну сатысындағы пневмония, пневмосклероз, өкпе эмфиземасы, ІІ дәрежедегі өкпе әлсіздігі ІІ ФС-дан жоғары, сондай-ақ асқыну сатысындағы СЖӘ қоса болатын пневмокониоздар.

      26. Бронхоэктаздар, іріңді қақырық пен қан түкірудің көп бөлінуі қоса болатын науқастардың күрт азуы кезіндегі созылмалы абсцесстер.

      27. Спонтанды пневмоторакс, өкпе артериясының созылмалы қайталана беретін тромбоэмболия түрі, өкпенің үлкен көлемді солитарлы кисталары, жиі іріңдеумен өкпенің кистозды гипоплазиялары.

      28. Жиі қайталанатын және ауыр ұстамалармен, сондай-ақ гормондық терапия аясында да үдерістің тұрақтануынсыз тыйылатын ауырлығы орташа ұстамалармен бронх демікпесі.

      29. Плевралық сары су болған кезде іріңдеу үдерістеріне байланысты тиімсіз кеңірдек-бронх жыланкөздері болған кезде өкпеге жасалған операциядан кейінгі жай-күй.

      30. Асқыну сатысындағы ас қорыту мүшелерінің барлық созылмалы аурулары.

      31. Созылмалы эзофагиттің ауыр түрлері, айқын байқалатын кардиалдық белгілері, рефлекторлық стенокардиясы бар рефлюкс-эзофагит, рефлюкс-эзофагиттің хирургиялық емдеуге жататын диафрагманың өңеш тесігінің жарығымен қатар келуі.

      32. Өту жолдарының бұзылысымен өңештің, қақпаның және ішектің тыртықты тарылуы; өт жолдарының стриктурасы.

      33. Алдыңғы 8-10 ай бұрын болған қақпаның тарылуымен, қайталана беретін қанаумен, жара пенетрациясымен асқынған асқазан және ұлтабар жарасы, жара малигнизациясына күдіктену, Золлингер-Эллисон ауруы.

      34. Асқазанға операциядан кейінгі асқыну (операциядан кейінгі жазылмайтын тыртық, жыланкөз, ілмек жетегіндегі синдром, операциядан кейінгі панкреатит, ауыр дәрежедегі демпинг-синдром, асқазан тұқылының атониясы, операциядан кейінгі гастриттің, холециститтің, гепатиттің асқынуы, постваготомиялық диареяның ауыр түрі).

      35. Гастриттер: сіреспелі, Менетрие ауруы (гипертрофиялық гастрит).

      36. Асқазанның сілемейлі қабатының гиперпластикалық өзгерістері (қатерлі өзгерулерді алып тастау мүмкін болмаған кезде), асқазан полипозы (2 полип және одан көп), асқазанның қанайтын жеке полиптері; соңғы бір жыл ішінде өсуге бейім кең негіздемедегі өлшемдер 1 см және одан үлкен аденоматозды полиптер.

      37. Өт ағуының бұзылысымен немесе белсенді инфекция белгілерімен (дене температурасының көтерілуі және т.б.) өтетін жиі және ұзақ ауыр ұстамалары бар өт-тас ауруы, өт қабының эмпиемасы.

      38. Жіті вирусты гепатиттер.

      39. Бауыр циррозы.

      40. Үдеріс белсенділігі қалыпты және жоғары созылмалы гепатиттер.

      41. Сары аурудың барлық түрлері.

      42. Үдеріс белсенділігінің белгілері, бауырдың функционалдық сынамаларының, соның ішінде АСТ мен АЛТ деңгейінің патологиялық ауытқулары, гепатиттен кейінгі гипербилирубинемиясы (21 мкмоль л-1 астам), айқын байқалатын гепатомегалиясы (оң жақ орта-бұғана сызығы бойымен бауырдың төменгі шеті қабырға имегі астынан 3 см және одан көп шығып тұрады), өт қабының және өт жолдарының қабынуы бар вирусты гепатитке шалдыққаннан кейінгі қалдық құбылыстар.

      43. Тамақтанудың айқын байқалатын бұзылысымен (азу) энтериттер мен колиттер.

      44. Созылмалы дизентерия, ерекшелігі жоқ жаралы колиттер, тік немесе сигма тәрізді ішекте кеңінен жаралану үдерісімен немесе эрозия үдерісімен созылмалы жаралы колит, қан ағатын геморрой.

      45. Ішек полипозы (2 полип және одан көп), соңғы бір жыл ішінде өсуге бейім кең негіздегі өлшемі 1 см және одан үлкен қан ағатын немесе аденоматоздық жеке полиптер.

      46. Асқынудан кейін 2 айға жетпеген, сондай-ақ қабынған кисталармен немесе жыланкөздермен, ас қорытудың және жалпы жай-күйінің айқын байқалатын бұзылыстарымен бездің сыртқысекреторлық функциясының елеулі төмендеуімен асқынған созылмалы панкреатиттердің ауыр түрлері.

      47. Екінші реттегі семіздік: гипоталамустық-гипофиздік, церебралдық, эндокриндік (органикалық генездегі) және СЖӘ II ФС-дан жоғары болған кезде IV дәрежелі семіздіктің кез келген түрлері.

      48. Энцефалопатиямен, ретинопатиямен, бүйрек әлсіздігімен немесе азумен нефроангиосклерозбен, айқын байқалатын трофикалық бұзылыстардың дамуы бар макроангиопатиямен асқынған қант диабетінің ауыр түрлері.

      49. Айқын байқалатын гипергликемия (9 ммоль л-1 жоғары), кетоацидоз және дене салмағының азаюымен қатар болатын қалпына келтірілмеген қант диабеті.

      50. Кетоацидозға және гипогликемия жай-күйіне бейім қант диабетінің тұрақсыз түрі.

      51. Қатар болатын асқыну сатысындағы аурулардың патологиялық үдерістің қалпына келтірілмеуі және мүшелер мен жүйелер функционалдық жай-күйінің айқын байқалатын бұзылыстарының бар болуы.

      52. Ауыр дәрежелі тиреотоксикоз.

      53. Аурудың жіті кезеңінде, сондай-ақ қозғалу саласында кенеттен бұзылыстары (өз еркімен қозғалуға кедергі келтіретін сал) және жамбас мүшелері функцияларының бұзылысы қатар болатын жүйке жүйесінің аурулары.

      54. Бүйір амиотрофикалық склероз.

      55. Сирингобульбия, сирингомиелия, өз еркімен қозғалуға және өзіне-өзі қызмет көрсетуге кедергі келтіретін прогредиентті өтетін қозғалыс бұзылыстарымен ұмытшақтық склероз.

      56. Жұлын жарақаттары мен науқастарының салдарлары:

      жұлынның толық үзілуі;

      жарақаттық азу;

      қуықты ұдайы катетерлеуді талап ететін жіті немесе созылмалы несеп шығудың тежелуі, несепті ұстай алмау;

      операциялық емдеуді талап ететін созылмалы остеомиелит;

      түрлі тектегі бүйрек функцияларының аса айқын байқалатын бұзылыстарымен созылмалы пиелонефрит.

      57. Психика бұзылыстары бар жүйке жүйесінің аурулары.

      58. Көру жүйкесінің атаксия, кахексия және атрофия белгілері бар жұлынның семуі.

      59. Қозғалыс функцияларын елеулі жоғалтумен эпилепсия талмаларымен, психикалық бұзылыстарымен бассүйегінің ауыр жарақаттану салдарлары.

      60. Психопатиялар, психоздар, ауыр ипохондриялы депрессия, мезі қылатын және басқа да психопатиялық жай-күй, нашақорлық.

      61. Жиі (жылына 3 реттен көп) талмалармен және психикалық бұзылыстармен эпилепсия.

      62. Жүйке жүйесінің ісіктері (жұлынның экстрамедулярлық қатерсіз ісіктерін жаппай алып тастау салдарларынан басқа: операциядан кейін кемінде 4 айдан кейін неврином, арахноидэндотелий).

      63. Арахноидит, адгезивті-кистозды түрі, сондай-ақ эпилепсия талмалары қатар болатын түрлері, байқалатын гипертензия синдромы.

      64. Көп бөлінумен, жалпы ауыр көріністерімен (гектикалық қызу, күрт азу) немесе ішкі мүшелердің амилоидозымен сүйектер, буындар зақымдануының ауыр түрлері.

      65. Буындардағы үдемелі бұзылу үдерісімен, анкилоздармен, буындарда қалпына келмейтін өзгерістер кезіндегі контрактуралармен және өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін жоғалтқан кездегі полиартриттер.

      66. Өз еркімен қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан кездегі екінші синовитпен буындардың ауыр бұзылыстары.

      67. Ірі секвестрлер немесе остеомиелит ошағында ірі бөгде дене бар кездегі созылмалы остеомиелиттер.

      68. Ревматоидты артриттің септикалық түрлері, жүйені зақымдаулармен (висцериттермен) ревматоидты артрит.

      69. Айқын байқалатын бүйрек әлсіздігі белгілерімен, жоғары артериялық қысыммен немес нейроретинитпен бүйректің созылмалы аурулары (созылмалы гломерулонефрит, алғашқы және екінші рет созылмалы пиелонефрит).

      70. Айқын байқалатын созылмалы бүйрек әлсіздігі симптомдары бар бүйрек склерозы.

      71. ІІ сатылы және одан жоғары гидронефрозбен қатар болатын бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары.

      72. Созылмалы бүйрек әлсіздігі симптомдары бар бүйрек поликистозы және кисталары (көптеген, үлкен солитарлы).

      73. Айқын байқалатын ісінулермен және айқын байқалатын созылмалы бүйрек әлсіздігі симптомдары бар нефротикалық синдром.

      74. Кез келген тектегі макроскопиялық гематурия.

      75. Жіті іріңдеу үдерістермен асқынған асқындау сатысындағы барлық урологиялық аурулар мен асқыну сатысындағы созылмалы аурулар.

      76. Несеп шығарудың айқын байқалатын бұзылысымен және қалдық зәрдің бар болуымен үрпі стриктурасы.

      77. Несепті ұстай алмау.

      78. Хирургиялық емдеуді талап ететін (урологтың тексеруінен кейін) тастардың бар болуы кезіндегі зәр-тас ауруы.

      79. II және III сатыдағы қуық түбі безінің қатерсіз гиперплазиясы.

      80. Жиырылған қуық.

      81. Қатерлі жаңа өскіндер және олардың бар болуына күдіктену.

      82. Жылумен емдеу (бальнео және балшықпен емдеу) мыналар болған кезде қарсы көрсетілген:

      жатыр мойынының қансырау эрозиясы;

      жатыр мойынының полиптері;

      жатырдың қанауы қатар болатын аурулар;

      кистома және аналық без кистасы;

      жатыр миомасы, эндометриоз, мастопатия;

      сактосальпинкс;

      қуық-ішек-қынап жыланкөзі;

      әйел жыныс мүшелерінің обыр алды науқастары, сондай-ақ қатерлі ісіктер бойынша операциядан кейін.

      83. Балшықпен және бальнеоемдеу (радонды және йодбромды ванналарды қоспағанда) гиперэстрогения кезінде қарсы көрсетілген.

      84. Асқыну сатысындағы барлық тері аурулары.

      85. Бөртпе дерматоздар.

      86. Бастың шаш бөлігінің, тегіс терінің, тырнақтардың саңырауқұлақ аурулары (тырнақтың пластинкасы зақымданған кезде – тиісті емдеу кезінде және микроскопияда саңырауқұлақтар жоқ болған кезде соматикалық ауруларды емдеу үшін науқастарды санаторийлерге жіберуге жол беріледі).

      87. Терінің паразитарлық аурулары – қышыма және т.б.

      88. Терінің іріңді аурулары.

      89. Тері ретикулезы (гемодермия).

      90. Қызылжегі, фитодерматоздар, терінің кеш порфириясы, пигментті ксеродерма.

      91. Ангиоспазм құбылыстарымен артериялық және көз іші қысымының елеулі тербелістері.

      92. Жіті сатыдағы және асқыну сатысындағы барлық көз аурулары.

      93. Көздің тор қабығындағы және көру нервісіндегі қан айналымының жіті бұзылыстары – емделгеннен кейін 3 ай ішінде тор қабығы орталық артериясының, орталық көктамырдың және олардың тарамдарының тромбоздары мен эмболиялары.

      94. Емделгеннен кейін 3 ай ішінде қан кету қоса болатын көздің тор қабығындағы және тамыр қабығындағы дегенеративті үдерістер.

      95. Көз түбінде өзгерістердің бар болуымен асқынған жақыннан көрушілік (кисталар, қайталанатын қан құйылулар, шыны тәрізді денедегі өзгерістер).

      96. Көздің тор қабығының сырылуы: жаңадан, операция жасалмаған, табысты операция жасалған, операциядан кейін бір жыл ішінде.

      97. Глаукома:

      кез келген түрі мен даму сатысындағы жіті ұстамамен;

      кез келген түрі мен даму сатысындағы жоғары деңгейдегі көздің ішкі қан қысымымен;

      терминалды – ауырсыну синдромымен, сондай-ақ көру функцияларын жоғалтумен;

      екінші рет қалпына келмейтін және үдерістің асқыну түріндегі.

      98. Жіті сатысындағы және асқыну сатысындағы қан жүйесінің барлық аурулары.

      99. ІІІ дәрежелі сәулелік ауруы.

      100. Айқын байқалатын анемия, жүйке жүйесінің зақымдануы (энцефалопатия, сал) бар болған кездегі ауыр дәрежелі созылмалы уыттану, ұзаққа созылған жіті улануды емдеудің қалпына келтіру кезеңі өтуінің қайталануымен.