Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 786 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның "Математика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары:

      1) "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;

      2) "Информатика және басқару проблемалары институты" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Информатика және басқару проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Математика және математикалық модельдеу институты" РМК) болып қайта аталсын.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Информатика және басқару проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорындар) және "Математика және математикалық модельдеу институты" РМК-ға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      5. Кәсіпорындар мен "Математика және математикалық модельдеу институты" РМК қызметінің негізгі мәні ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың және "Математика және математикалық модельдеу институты" РМК-ның жарғыларын бекітуге енгізуді;

      2) әділет органдарында кәсіпорындардың мемлекеттік тіркелуін және "Математика және математикалық модельдеу институты" РМК-ның мемлекеттік қайта тіркелуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 786 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Математика және математикалық модельдеу институты";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-18 және 16-19-жолдармен толықтырылсын:

      "16-18. Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты

      16-19. Информатика және басқару проблемалары институты".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі 785 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:

      "Елдің зияткерлік әлеуеті" деген бөлімде:

      "

      Кәлменов - Қазақстан Республикасы Білім және

      Тынысбек Шәріпбекұлы ғылым министрлігі Ғылым комитеті

      "Математика, информатика және

      механика институты" республикалық

      мемлекеттік кәсіпорнының директоры,

      физика-математика ғылымдарының

      докторы, профессор, Қазақстан

      Республикасы Ұлттық ғылым

      академиясының академигі

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Кәлменов - Қазақстан Республикасы Білім және

      Тынысбек Шәріпбекұлы ғылым министрлігі Ғылым комитетінің

      "Математика және математикалық

      модельдеу институты" республикалық

      мемлекеттік кәсіпорнының директоры,

      физика-математика ғылымдарының

      докторы, профессор, Қазақстан

      Республикасы Ұлттық ғылым

      академиясының академигі

      ";

      "Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар" деген бөлімде:

      "

      Арсланов - Қазақстан Республикасы Білім және

      Марат Зуфарұлы ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

      "Математика, информатика және

      механика институты" республикалық

      мемлекеттік кәсіпорны "Информатика

      мәселелері және басқару" еншілес

      мемлекеттік кәсіпорны "Образдарды

      тану және шешім қабылдау"

      зертханасының меңгерушісі,

      физика-математика ғылымдарының

      докторы, профессор

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Арсланов - Қазақстан Республикасы Білім және

      Марат Зуфарұлы ғылым министрлігі Ғылым комитетінің

      "Информатика және басқару

      проблемалары институты" республикалық

      мемлекеттік кәсіпорны "Образдарды

      тану және шешім қабылдау"

      зертханасының меңгерушісі,

      физика-математика ғылымдарының

      докторы, профессор

      ".