Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру бойынша 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
«Инвестициялық заңнаманы жетілдіру» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-жолдармен толықтырылсын:
«
1-1 |
Мыналар бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИЖТМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша), «Ұлттық талдау орталығы» АҚ (келісім бойынша) |
2012 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|||||||
шетелдік инвесторлардың халықаралық төрелікке қол жетімділігін кеңейту |
ИЖТМ-ге ұсыныс |
Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), Бас прокуратура (келісім бойынша) |
2012 жылғы тамыз |
|||||||||
шетелдік инвесторлардың ауыл шаруашылығы мақсаттындағы жер ресурстарына қолжетімділігін кеңейту |
ИЖТМ-ге ұсыныс |
АШМ, ЖРА |
2012 жылғы II тоқсан |
|||||||||
инвестицияларды жүзеге асыру кезінде қызметтерді, тауарлар мен жұмыс күшіне жергілікті қамтуға қойылатын талаптардың икемділігі мен шынайылығын қамтамасыз ету |
ИЖТМ-ге ұсыныс |
МГМ, ЭДСМ |
2012 жылғы II тоқсан |
|||||||||
зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру |
ИЖТМ-ге ұсыныс |
Әділетмині |
2012 жылғы IIІ тоқсан |
|||||||||
мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылымдық жобалардағы шетелдік инвесторлардың қатысуын кеңейту |
ИЖТМ-ге ұсыныс |
ЭДСМ |
2012 жылғы III тоқсан |
|||||||||
1-2 |
мынадай секторларда шетелдік инвесторлар үшін кедергілерді азайту бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИЖТМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша), «Ұлттық талдау орталығы» АҚ (келісім бойынша) |
2012 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|||||||
көлік секторы |
ИЖТМ-ге ұсыныс |
ККМ |
2012 жылғы II тоқсан |
|||||||||
мұнай және газ |
ИЖТМ-ге ұсыныс |
МГМ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келісім бойынша) |
2012 жылғы II тоқсан |
»;
«ТШИ тарту үшін жағдайлар жасау» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2-жолдармен толықтырылсын:
«
12-1 |
Мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдарда ЭЫДҰ-ның стандарттарына сәйкес корпоративтік басқару қағидаттарын (бәсекеге қабілеттілікті, тиімділікті және ащықтықты арттыру, басқарудың нарықтық қағидаттарына жақындау) енгізу мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ЭДСМ, ИЖТМ, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2012 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|||||||
12-2 |
Әлемдік тәжірибені зерделеу және Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және трансұлттық корпорациялар туралы декларациясына қосылуы шеңберінде Ұлттық Байланыс Орталығын айқындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИЖТМ, ЭДСМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша), «Ұлттық талдау орталығы» АҚ (келісім бойынша), «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (келісім бойынша) |
2012 жылғы IIІ тоқсан |
Талап етілмейді |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов