"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пунктін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 762 Қаулысы

Қолданыстағы

      2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімнің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пункті құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген бақылау-өткізу пунктінің құрылғаны туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының дипломатиялық өкілдігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов