"Электр энергиясын энергия өндiрушi бiлiктi ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 756 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 876 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Электр энергиясын энергия өндiрушi бiлiктi ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясын энергия өндiрушi бiлiктi ұйымдардан сатып алу қағидаларында:
      3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов