Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6 |
Премьер-Министрдiң Кеңсесi |
Премьер-Министрдiң орынбасары |
1 |
2600 |
||
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы |
1******** |
2600 |
||||
Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының орынбасары |
1******** |
2000 |
||||
Алматы қаласында көлiк қызметiн көрсету |
12 |
1 |
2600 |
|||
Қонақтарға арналған |
14 |
*** |
»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«********осы норматив, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасарларына да қолданылады»;
2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілiлiк табелінде:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Жедел |
Жедел жұмыс iстеу үшiн |
«Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттiк мекемесi |
2 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов