Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 731 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 731 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін еңбекке жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде – телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.»;
      17-тармақта:
      4) тармақшадағы «кезінде төленбейді.» деген сөздер «кезінде;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетiн еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшiн төленбейдi.».
      2. «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 830-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) жұмысын регламенттейді.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:
      «2-1. Қызметтің құқықтары мен міндеттері
      3-1. Қызмет:
      1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және тексеріп қарауға;
      2) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы орындалуы үшін міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
      3-2. Қызмет:
      1) ай сайын ұйымда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеуге;
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
      3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі және ұйымның бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға тікелей бағынады.»;
      6-тармақтың 1)2)3)8)9) және 10) тармақшалары алынып тасталсын.
      3. «Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 836-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерi, басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тiзiмiн, оқыту жүргiзiлiп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тiзбесiн, сондай-ақ оқытудың тәртiбi мен нысанын жұмыс берушi кәсіптің сипатына, жұмыс түрiне, өндiрiстiң ерекшелiгi мен еңбек қауiпсiздiгi жағдайына қарай, қызметкерлердiң өкiлдерiмен (олар болған кезде) келiсе отырып белгiлейдi.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiс, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi саладағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженер-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзедi.»;
      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұйымдардың басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқытудың және бiлiмiн тексерудiң тәртiбi»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары (бұдан әрі – басшы қызметкерлер) мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден етуге міндетті.».
      4. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).