Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:
Келімбетов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Нематұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан Серік Нығметұлы Ахметов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов