Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Инфекцияға қарсы препараттар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 706 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғам жарғысын бекітуді;
      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;
      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне беруді;
      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 706 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті» деген бөліміндегі реттік нөмірі 529-2-жол алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-140-жолмен толықтырылсын:
      «123-140. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-4-жолмен толықтырылсын:
      «291-4. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы».
      4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімдегі реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;
      «Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
      «14. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы».
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 44-жол алынып тасталсын.
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелес ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-5-жолмен толықтырылсын:
      «11-5. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы».
      6. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 116-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «116. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы».