"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 665 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстандық:
      «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының облигациялары.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов