Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 611 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабы 2-тармағының бірінші сөйлеміне сәйкес Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі іс-шараларының өтуін болдырмау қаупін төндірген қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 2012 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 503032000 (бес жүз үш миллион отыз екі мың) теңге, оның ішінде:
      Рубеж бекетінен Ақмол кентіне дейін Қорғалжын тас жолын жөндеуге 463614000 (төрт жүз алпыс үш миллион алты жүз он төрт миллион) теңге;
      автомобиль жолдарын жөндеуге Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 39418000 (отыз тоғыз миллион төрт жүз он сегіз мың) теңге сомада қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов