Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 403 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 333-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесінде:
7-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"7. Тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кестесi:
1) бағаланатын атқарушы органдардың тиiстi бағыттар бойынша бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарға есептi жылдың қорытындылары бойынша есептiк ақпаратты;
2) бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдардың бағаланатын атқарушы органдарға танысу үшін және келіспеушіліктер болған жағдайда шағымдану үшін бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындыларды;
3) бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдану рәсімінен кейінгі бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органының Өңiрлiк сараптау комиссиясына бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындыларды;
5) Өңiрлiк сараптау комиссиясының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiне бағалау нәтижелерiн;
6) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бағалау нәтижелерi бойынша ақпарат ұсыну мерзiмдерiн қамтиды.";
16-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"16. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген қызметтің әрбір бағыты бойынша Жүйенің 10-тармағында айқындалған тиімділікті бағалауға уәкілетті орталық мемлекеттік органдар атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген тиісті әдістемелерді әзірлейді және бекітеді.";
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Бағаланатын атқарушы органдар тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша бұрын берілген тапсырмалар мен ұсынымдарды бағалаудың әрбір бағыты бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру арқылы орындайды.";
мынадай мазмұндағы 45-2-тармақпен толықтырылсын:
"45-2. Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тиісті бағыттар бойынша қорытындыларды бағаланатын атқарушы органдарға жібереді";
46, 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 15 маусымынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiстi бағыттар бойынша шағымдану нәтижелері ескеріле отырып түзетілген қорытындыларды ұсынады.
47. Қызмет бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есепті, тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша бұрын берілген тапсырмалар мен ұсынымдарды іске асыру нәтижелерін, сондай-ақ бағаланатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиiс.";
51, 52, 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Өңiрлiк сараптау комиссиясы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органының жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындылары негiзiнде атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерiн ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiне енгiзедi.
52. Өңірлік сараптау комиссияның жұмыс органы бағалау нәтижелерін атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдармен бірге атқарушы органдардың басшыларына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.";
53. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кешiктiрмей, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға тиiмдiлiкке бағалау жүргiзгенi туралы есептiк ақпаратты бередi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдерiнiң есептерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне қорытылған ақпаратты жiбередi.";
"Нәтижелерге шағымдану тәртібі" деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"6. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртiбi
55. Бағаланатын атқарушы орган тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiн алған сәттен бастап бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті атқарушы органдарға растаушы құжаттармен бiрге келіспеушілігін жіберуге құқылы.
56. Растау құжаттары жоқ наразылықтарды алған жағдайда бағалауға уәкілетті атқарушы орган бағаланатын атқарушы органға қайта тексеру жүргізудің орынсыз екендігі туралы жауап жібереді.
57. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарда нәтижелердi қайта тексеру үшiн бағалаудың объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына атқарушы органды бағалауға қатысқан қызметкерлер кiруге болмайтын арнайы комиссиялар қалыптастырылады.
58. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар 5 жұмыс күні iшiнде қайта тексеру нәтижелерi бойынша наразылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы негiзделген қорытындыларды бағаланатын атқарушы органдарға жiбередi.
59. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы орган наразылықтарды қабылдаған жағдайда тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындыға тиiстi түзетулер енгiзедi.
60. Өңiрлiк сараптау комиссиясының жұмыс органы егер бағалау үдерiсiнде бағалаудың түпкi нәтижесiне әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi атқарушы органдардың мамандарын тарта отырып, бағалаудың жекелеген нәтижелеріне қайта тексеру жүргiзуге дербес бастамашылық етуге құқылы.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарының, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне және тиімділікке бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдердің сақталуына дербес жауапты болады.";
"Өтпелi ереже" деген 8-бөлім алынып тасталсын.
2. "Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында айқындалған мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) тиісті бағыттар бойынша әдістемелерді бір ай мерзімінде осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов