"Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 590 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен құрылған Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы               даму және сауда вице-министрі, хатшы,

Боданов                      - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Айвар Жиреншеұлы               қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                               қарсы күрес агенттігі (қаржы
                               полициясы) төрағасының орынбасары
                               (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова, Сәттібек Оңғарбайұлы Оңғарбаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов