"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 569 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетін өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті комиссияның жұмыс органы болып табылады."
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы мүшелерінің құрамы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2016 № 476 қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 569 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 21 сәуірдегі
№ 367 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік
терминология комиссиясының құрамы
Мыңбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы және ақпарат министрі, төраға
Қырықбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы және ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Шерубай және ақпарат министрлiгi Тiл комитетi
төрағасының орынбасары, хатшы
Бұрханов - Қазақстан Республикасының Парламенті
Камал Низамұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Сарыбай - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Қайрат Шораұлы істер министрінің орынбасары
Сқақов - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Мақсат Нұрлыбекұлы және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
төрағасы
Демеш - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Кеңесбек Мыңжасарұлы Сенаты Аппаратының редакциялық-баспа
бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Омашұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Дәуітәлі Мәжілісі Аппаратының редакциялау және
аударма бөлімінің меңгерушісі (келісім
бойынша)
Әбдірахманов - "Егемен Қазақстан" республикалық
Сауытбек Әбдірахманұлы газеті" акционерлік қоғамының президенті
(келісім бойынша)
Өмірзақ - "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының
Айтбайұлы президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі, филология
ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Ахметов - "Астана" медицина университеті"
Мұхамбедия акционерлік қоғамының профессоры,
медицина ғылымдарының кандидаты (келісім
бойынша)
Ақаев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Спандияр Телғозыұлы министрлігі "Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының филология
факультеті қазақ тілі кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының
докторы, химия ғылымдарының кандидаты
(келісім бойынша)
Әбішев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Хабылсаят Әзімбайұлы аға көмекшісі – Парламенттегі өкілі, заң
ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім
бойынша)
Әбдірәсілов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Ербол Құралбайұлы ғылым министрлiгi "Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетi"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
профессоры, филология ғылымдарының
докторы (келісім бойынша)
Әлісжанов - "Назарбаев университеті" акционерлік
Сарқыт Қалымұлы қоғамының қазақ тілі кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының
докторы (келісім бойынша)
Бейсенбайұлы - "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық
Жарылқап компаниясы" акционерлік қоғамының бас
редакторы (келісім бойынша)
Ибраим - "Ана тілі" ұлт газетінің бас
Самат Бектенұлы редакторы (келісім бойынша)
Пәттеев - "Түркістан" газетінің бас
Шәмшидин Әшенқожаұлы редакторы (келісім бойынша)
Юсуп - жазушы, аудармашы (келісім
Кеңес Сләмханұлы бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 569 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 21 сәуірдегі
№ 368 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік
ономастика комиссиясының құрамы
Мыңбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы және ақпарат министрі, төраға
Қырықбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы және ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Шерубай және ақпарат министрлiгi Тiл комитетi
төрағасының орынбасары, хатшы
Ахметов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Әділ Құрманжанұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Смағұл - Қазақстан Республикасы Парламенті
Бақытбек Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Сқақов - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мақсат Нұрлыбекұлы және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
төрағасы
Мақажанов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Нығметжан Қойшыбайұлы басқару агенттігі төрағасының орынбасары
Тілешов - Астана қаласының әкімдігі "Астана
Ербол Ерденбекұлы қаласының тілдерді дамыту басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім
бойынша)
Әбжанов - Қазақстан Республикасы Білім және
Ханкелді Махмұтұлы ғылым министрлігі "Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институты"
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
директоры, тарих ғылымдарының докторы,
профессор (келісім бойынша)
Әбдірахманов - "География институты" жауапкершілігі
Сламқұл Әбдірахманұлы шектеулі серіктестігінің аға ғылыми
қызметкері (келісім бойынша)
Иманбердиева - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Сәуле Құрманбайқызы және ақпарат министрлігі "Ш. Шаяхметов
атындағы Тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-әдістемелік орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны директорының орынбасары
(келісім бойынша)
Жартыбаев - "КГТИ-Лингва" Орталық Қазақстан
Асылбек Ешенқұлұлы университеті" жеке меншік мекемесінің
президенті, филология ғылымдарының
докторы, профессор (келісім бойынша)
Серікбайұлы - геолог, түркітанушы,
Молдияр картограф (келісім бойынша)
Уәли - Қазақстан Республикасы Білім және
Нұргелді ғылым министрлігі "А.Байтұрсынов атындағы
Тіл білімі институты" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми
қызметкері, филология ғылымдарының
докторы, профессор (келісім бойынша)
Жүсіп - "Айқын" республикалық газетінің бас
Нұртөре редакторы (келісім бойынша)
Жанболат - "Алаш айнасы" республикалық
Серік қоғамдық-саяси ақпараттық газетінің бас
редакторы (келісім бойынша)
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Шәкір Ыбырайұлы министрлігінің "Түркі академиясы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
президенті, филология ғылымдарының
докторы, профессор (келісім бойынша)
Негимов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Серік министрлiгi "Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетi"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
профессоры, филология ғылымдарының
докторы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 569 қаулысына
3-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 569 қаулысына
4-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.