"Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 567 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 8 сәуiрдегi № 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 181-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде:

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Ет және ет өнiмдерiн буып-түю, таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргiзiледi.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов