"Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 567 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 8 сәуiрдегi № 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 181-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiнде:
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Ет және ет өнiмдерiн буып-түю, таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргiзiледi.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов