Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 518 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын.
      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып айқындалсын.
      3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;
      2) серіктестікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
      6. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын жер учаскесімен бірге сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тэртіппен мүлікті қабылдау-беру актісіне крл қойылғаннан кейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша үлес ретінде енгізу жолымен берсін.
      8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 сәуірдегі
№ 518 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-147-жолмен толықтырылсын:
      «21-147. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдардағы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-15-жолмен толықтырылсын:
      «278-15. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 14-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 58-8-жолмен толықтырылсын:
      «58-8. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
      4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-жолмен толықтырылсын:
      «20. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 сәуірдегі
№ 518 қаулысына   
қосымша       

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын төлеуге
берілетін республикалық мүліктің
тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Саны

Теңгерім ұстаушы

1

Canon iR2016J көшіру аппараты

1

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті

2

Canon 6317 көшіру аппараты

1

3

Philips SBC MD 650 микрофоны

5

4

Samsung ML-2250 принтері

2

5

МФУ HP Color LaserJet C1015MFP принтері

1

6

НР Color LaserJet CM1015MFP (A4) Color Laser Printer/Skaner/Copier, 1200dpi,8ppm,96 принтері

1

7

HP LaserJet 1160, A4, 19 ppm, 1200x1200dpi, 16Mb, PCL5e, LPT+USB, tray 250 page принтері

2

8

Жұмыс станциясы (компьютерлік процессор, монитор )

1

9

Samsung SCX-4521F сканері

2

10

Panasonic факсимильді аппараты

1

11

Басшыға арналған үстел тумбасымен Сенатор (қою алма - локарнасы)

2

12

Компьютерлік үстел қосымшасымен Сенатор (қою алма - локарнасы)

2

13

Орындықтар

10

14

Xerox Phaser 3100 МFР принтері

5

Жиыны:

36