Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 512 Қаулысы

Қолданыстағы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 512 қаулысымен  
бекітілген     

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық
(спорттық) балық аулау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – қорық) аумағында арнайы бөлінген учаскелерде оның күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.
      3. Қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қорық әкімшілігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Марқакөл көлінің арнайы бөлінген учаскелерінде ұйымдастырады.
      4. Арнайы бөлінген учаскелерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау 1 мамырдан бастап 1 шілдені қоса алғанда, бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінен басқа, 1 ақпаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде жүргізіледі.

2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі

      5. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға балық аулаушыда жеке басын куәландыратын құжаттар және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) болған жағдайда жол беріледі.
      6. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдаманы қорық әкімшілігі береді және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және қорық әкімшілігінің мөрі басылған қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналына тіркейді.
      7. Жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.
      8. Жолдама тұрғылықты жерінен анықтама және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттар болған жағдайда беріледі.
      9. Жолдама күнтізбелік 7 күнге дейін мерзімге беріледі, бір жолдамаға ауланатын балық көлемі 5 килограмнан аспайды.
      10. Жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды.
      11. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулау басталар алдында қорықтың бақылау пунктінде тіркелу үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      12. Арнайы бөлінген әуесқойлық (спорттық) балық аулау учаскелері жергілікті жерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау орындары туралы ақпараты бар көрсеткіш белгілермен белгіленеді.
      13. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау барлық жүйелер мен атаулардың (жылтырауық темір, қармақ, жерлицалар, спиннингтер) бір балық аулаушыға 5 данадан аспайтын ілгекті қармақтармен жүргізіледі.
      14. Балық аулаушы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес кестенің тиісті бағандарын толтырып, жолдамаға ауланған балықтың мөлшері мен түрлері туралы мәліметтер енгізеді.
      15. Балық аулаушының ауланған балығы бақылау пунктінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдамаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қол қою арқылы куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты тасып әкетуге немесе алып кетуге негіз болып табылады.

Марқакөл мемлекеттік табиғи   
қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті халықтың мұқтажы үшін 
рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық)
балық аулау қағидаларына      
1-қосымша             

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық
(спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін Марқакөл мемлекеттік
табиғи қорығының аумағында Марқакөл көлінің арнайы бөлінген
учаскелерінің тізбесі

      1. № 1 учаске. Алаңы 615 га. Марқакөл көлінің Урунхайка селосына жанасып жатқан солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. № 1 учаскенің шекарасы шығыс және оңтүстік жағынан көлдің жағалау жиегімен өтеді, батыс шекарасы Тихушка өзені сағасы (оңтүстік-шығыс жағалау) мен «Второй мыс» (солтүстік-шығыс жағалау) аралығындағы көл айдынында орналасқан. Көлдің жағалау жиегіне қатысты № 1 учаскенің батыс шекарасы көл айдынында 900 метрден 1500 метрге дейінгі қашықтықта өтеді.
      2. № 2 учаске. Алаңы 150 га. Марқакөл көлінің Матабай ауылымен жанасып жатқан оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. № 2 учаскенің шекарасы оңтүстігінде Марқакөл көлінің жағалау жиегі арқылы өтеді. Батысында учаске Матабай өзенінің сағасымен, шығысында Первый Ключ өзенінің сағасымен шектеледі. Солтүстік шекарасы көл айдыны шегінде орналасқан, шығыс жағынан 400 метр және батыс жағынан жағалау жиегінен 1500 метр қашықтықта орналасқан.
      3. № 3 учаске. Алаңы 85 га. № 3 учаске Төменгі Еловка селосына жапсарлас көлдің солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде шекарасы көлдің жағалау жиегі арқылы өтеді, батысында учаске Көктерек өзенінің сағасымен, шығысында Еловка өзені сағасымен шектеседі. Оңтүстік шекарасы көл айдыны шегінде жағалау жиегінен көлді бойлай 600 метр қашықтықта орналасқан.
      4. № 4 учаске. Алаңы 30 га. Марқакөл көлінің Жоғарғы Еловка ауылына жанасып жатқан солтүстік бөлігінде орналасқан. № 4 учаске шекарасы солтүстігінде көлдің жағалау жиегімен өтеді, батысында учаске Бірінші Пихтовая өзені сағасымен және шығысында Соңғы Пихтовая өзені сағасымен шектеседі. Оңтүстік шекарасы көл айдыны шегінде және жағалау жиегінен көлді бойлай 500 метр қашықтықта орналасқан.

Марқакөл мемлекеттік табиғи   
қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті халықтың мұқтажы үшін 
рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық)
балық аулау қағидаларына      
2-қосымша           

Нысан

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық
(спорттық) балық аулауға жолдама

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
ТҮБІРТЕК №____

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» ММ

Кімге берілді ______
            (Т.А.Ә.)
Мөлшері _______ (кг)
Балық түрі _________
Су бөгені мен учаскенің атауы ____________________
Көлік _________________
     (түрі, маркасы,
      мемлекеттік нөмір
         белгісі)

Қолданылу мерзімі:
20__жылғы «__» _________ бастап
20__жылғы «__» _________ дейін
Берілген күні:
20_ жылғы «__»______
Жолдаманы алдым, Қағидалармен таныстым ________________________
(Балықшының Т.А.Ә., қолы)
Жолдаманы берген
_____________
   (Т.А.Ә.)
_____________
    (қолы)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
ЖОЛДАМА №_______

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» ММ

Кімге берілді _______
              (Т.А.Ә.)
Мөлшері ________ (кг)
Балық түрі __________
Су бөгені мен учаскенің атауы
_____________________
Көлік __________________
      (түрі, маркасы,
       мемлекеттік нөмір
           белгісі)

Қолданылу мерзімі:
20__жылғы «__» _________ бастап
20__жылғы «__» __________ дейін
Берілген күні:
20__жылғы «__»_______
МТҚ аумағына кіру кезінде көлікті тексерген
меминспектор ____________
            (Т.А.Ә., қолы)

МТҚ аумағынан шығу кезінде ауланған балық мөлшеріне бақылау жасаған
меминспектор ________
             (Т.А.Ә.)
             ________
              (қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ
сыртқы беті

Балық аулау туралы мәліметтер

Күні

Балық түрі

Мөлшері
(кг)










ЖИЫНЫ:



Балық аулаушы ________
              (Т.А.Ә.)
              ________
               (қолы)

Марқакөл мемлекеттік табиғи   
қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті халықтың мұқтажы үшін 
рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық)
балық аулау қағидаларына      
3-қосымша              

Нысан

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық
(спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналы

р/с №

Балық аулаушының Т.А.Ә.

Балық аулаушының тұрғылықты жері

Жолдама берілген күн

Жолдама нөмірі

Жолдаманың қолданылу мерзімі

Су бөгені мен учаскенің атауы

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Балық түрі

Мөлшері

Балық аулауды бақылайтын адам (Т.А.Ж.)

Қолдары

дана

килограмм

Жолдама беруші

Жолдама алушы

8

9

10

11

12

13