Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабының 2-тармағына, «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне 2012 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен электр энергиясы құнын «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысымен айқындалған шекті тарифтен жоғары өсуіне жол бермеу мақсатында «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы» акционерлік қоғамына белгіленген тәртіппен аудару үшін 2012 жылғы ақпан-наурыз айларына отын сатып алу үшін 1 423 744 899 (бір миллиард төрт жүз жиырма үш миллион жеті жүз қырық төрт мың сегіз жүз тоқсан тоғыз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов