"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 51-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердің мәйiтін тасымалдауға дайындаумен, мәйiтті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің кемінде сексен еселік мөлшерінде бекітілсін.
2. "Әскери қызметтi өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң мәйiттерiн жеткiзудi әзiрлеуге, мәйiттерiн жеткiзуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 ақпандағы № 174 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 99-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |