Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 24-қосымшасында:
«Республикалық мемлекеттiк мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 15, 16-жолдармен толықтырылсын:
«15. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
16. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы» мемлекеттiк мекемесi.»;
«Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-жолмен толықтырылсын:
«21. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Алмас» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.».
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов