"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 449 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Қырықбаев             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы        ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары

Қалимова              - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Венера Қамысбайқызы     Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету
                        комитеті төрағасының орынбасары

Денисенко             - теріс пиғылды діни ағымдардан зардап
Юлия Олеговна           шеккендерге көмек көрсету орталықтары
                        қауымдастығының директоры (келісім бойынша);

      мына:

«Сәкенов              - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Қайыргелді Әнуарбекұлы  қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың
                        қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы
                        (келісім бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сәкенов             - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға
Қайыргелді Әнуарбекұлы көмекшісі (келісім бойынша)»;
      көрсетілген құрамнан Әмірхан Тапашұлы Аманбаев, Болат Талапұлы Берсебаев, Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбеков, Мұрат Тайкелтірұлы Мыңбаев, Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов